25 наурыз 2017 00:43

София Ротару концерт кезінде сахнада құлап түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube.com © Youtube.com

КСРО халық әртісі София Ротару Киевте 23 наурызда өткен концерт кезінде сахнада құлап түскен. Оқиғаның видеосы YouTube хостингінде Musartic Group арнасында жарияланды.


КСРО халық әртісі София Ротару Киевте 23 наурызда өткен концерт кезінде сахнада құлап түскен. Оқиғаның видеосы YouTube хостингінде Musartic Group арнасында жарияланды.

Айта кетейік, әнші украиналық композитор Руслан Квинтаның шығармашылығының 20 жылдығына арналған мерейтойлық концертте өнер көрсеткен. Сондай-ақ, салтанатты кешке Украина эстрадасының жарқын жұлдыздары келген екен.

София Ротару "Осенние цветы" әнін орындаған кезде сахнада құлап түскен. 69 жастағы әнші сүрініп кетіп, композитордың үстіне барып құлаған.

Musartic.com порталының мәліметінше, Руслан Квинта София Ротаруға бірнеше өлен жазып берген. "Бүгін барлығы мейрамдап жатыр, мұндай жағдай сирек болады. Көрермендерге қарап, олардың осындай концерттерді қатты күтетінін түсіндім. Руслан ақылды адам, жарайсың. Ол дарынды. Мен оған жаңа шығармашылық табыстар тілеймін. Біз жаңа хиттерді күтеміз", - деді Ротару концерттен кейін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети