Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Танымал этномузыкант Еділ Құсайынов The Spirit of Tengri 2015 фестиваліне қатысады

05 Мамыр 2015, 17:28
0
@Николай Колесников
@Николай Колесников
@Николай Колесников
@Николай Колесников

Танымал этномузыкант Еділ Құсайынов 6 және 7 маусымда Алматыда өтетін халықаралық Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестиваліне қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Орындаушы сахнаға этноджазда ойнайтын Satzhan Project тобымен бірге шығады. Концертті  Kaspi bank пен Tengri FM ұлттық радиостанциясы бірге ұйымдастырып жатыр.

Еділ Құсайынов "Мереке" классикалық күйінің авторы Сейілхан Құсайынов пен қобызшы Райшан Нұрпейісованың ұлы. Ол белгілі фольклорист Болат Сарыбаевтың шәкірті. Құсайынов Саха-Якутия, Алтай, Хакасия мен Моңғолияда аспаптарда ойнау шеберлігін шыңдаған. Ол қазақтың көне аспаптары: жетіген, сыбызғы, саз-сырнай, қауырсын-сырнай мен шаңқобызда жетік ойнайды. Еділ Құсайынов Еуропа мен АҚШ-та да танымал. 2005 жылы ол Нью-Йорктегі Карнеги-холда өнер көрсетіп, 2006 жылы Токиода жеке шығармашылық кешін өткізді.

Орындаушының айтуынша, джаз-топтың көшбасшысы Сәтжан Шүменовпен музыкаға деген талғамдарының ұқсас болуынан тез тіл табысып кеткен. "The Spirit of Tengri фестиваліне бағдарлама жасау үшін бізге көп уақыт кеткен жоқ. Шанхайда өтетін халықаралық джаз фестиваліне шақырту алып та үлгердік. Ең бастысы - халыққа өз мәдениетіңді көрсету", - деді музыкант.

Құсайынов фестивалде Satzhan Project тобымен бірге көрсететін бағдарламасы туралы толық айтпады. "Көп нәрсе айтуға болады, бірақ бір барып тыңдағанға жетпейді. Мен осындай фестивалде өнер көрсететінім үшін қуаныштымын", - деді Құсайынов. Ол лондондық Abbey студиясында жазылған "Бұлбұл заман" альбомындағы композициялардың орындалатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, этникалық музыканың тыңдармандары естімеген жаңа әндер орындалады.

Осы жылы шара Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында өтеді. Қатысушылардың толық тізімін мына жерден көруге болады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай