22 қыркүйек 2017 20:55

Терме орындаған Қайрат Нұртас Желі қолданушыларын таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/kair_n © instagram.com/kair_n

Қазақстан танымал әнші Қайрат Нұртас терме орындап, Желі қолданушыларын таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан танымал әнші Қайрат Нұртас терме орындап, Желі қолданушыларын таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода қолына домбыра алып, Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіковтің орындаған "Жан ана" термесін айтады. Бір шумағын аяқтаған соң әнші Бесбаевтың тағы бір термесін орындай бастайды. Эстрада әншісінің термені де нақышына келтіріп айтқанын көрген Желі қолданушылары таңғалысын жасырмады. 

 

"Ооо жаксы казактын кара домбырасымен ан шыркасан бызде быр маркайып каламыз . Саган бары жарасадыгой", - десе, тағы біреуі "Аға аман болыңыз. Даусыңыз өте керемет. Сіздің өлеңдеріңіз қуанышымда да қайғымызда да есітіп жүреміз. Шаршамаңыз тек алға" деп жылы лебізін білдірді.

Ал видеодан жайнамаз бен Құран кітапты байқағандар да бар. "Əп бəрекелді Қайреке алла разы болсын құран кітабы əрдайым төріңізде ілулі тұрсын намазыңызды үзбеңіз алла разы болсын", "Құран мен жайнамазыңды көріп қатты қуандым Қайрош!! Алланы ұмытпаған адам ешқашан жаман болмайды. ниетің қабыл болсын, сауаптарың көп болсын. дауысты қойшы..", - пікір білдірген қолданушылар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети