11 мамыр 2018 10:55

The Spirit of Tengri - 2018. Армениялық Gata Band және франко-алжирлік Speed Caravan ұжымы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Speed Caravan фронтмены Мехди Хаддаб Speed Caravan фронтмены Мехди Хаддаб

Биыл 2-3 маусымда Алматыда өтетін The Spirit of Tengri VI Халықаралық заманауи этинкалық музыка фестивалінің келесі қатысушылары белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Биылғы жаздың басты музыкалық оқиғасына алғаш рет армениялық Gata Band тобы өнер көрсетеді. Ал Speed Caravan франко-алжирлік тобымен алматылық көреремендер таныс - біздің елде алғаш рет олар 2017 жылы өнер көрсеткен болатын. 


Биыл 2-3 маусымда Алматыда өтетін The Spirit of Tengri VI Халықаралық заманауи этинкалық музыка фестивалінің келесі қатысушылары белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Биылғы жаздың басты музыкалық оқиғасына алғаш рет армениялық Gata Band тобы өнер көрсетеді. Ал Speed Caravan франко-алжирлік тобымен алматылық көреремендер таныс - біздің елде алғаш рет олар 2017 жылы өнер көрсеткен болатын. 

Gata Band тобы - ежелгі музыканы орындайтын армениялық бірегей топ. Олар ұмыт болған ұлттық әуендерді заманауи музыкалық шығармашылықпен біріктіріп, жаңа бағыт жасай алды. Ұжымның атауы армяндардың ұлттық тағамы - гата (тәтті бәліш) атауынан басталады. Топтың армяндық түрлі аспаптарда ойнауы таңдандырады: дудук, зурна, пку, камани, блул, саз, дхол, дап, паркапзук. Сонымен қатар, олар парсылық сантура, африкалық калимба, латынамерикалық соқпалы аспаптар мен бельгиялық кельстоунды да үйлестіре білген. 

Ұжымның негізін қалаушы және көркемдік жетекшісі - Гарегин Аракелян. 2006 жылы Комитас атындағы Ереван консерваториясын тәмәмдағаннан кейін ол дьякон Андраник Манукянмен танысады - олар бірігіп, ескі армян фильмдеріне негізделген әндер жазды және аранжировка жасай бастады. Олардың шығармашылығында Батыс Арменияның фольклеры басым болды. Өз еңбектерін үлкен сахнадан көрсету үшін топ құру шешімі қабылданып, оларға Артур Балаян және Ваган Закарян қосылды. Ұжым британиялық белгілі соул және R&B-әнші, Grammy лауреаты Джосс Стоунмен бірге бірнеше ән жазды.

"Gata цоминиде (кішірек наубайханада) лаваштан кейін пісірілетін тәтті бәліш. Осыдан барып Gata - Арменияның тәтті музыкасы болып шығады. Біз Қазақстанға алғаш келеміз: Алматыға үлкен қызығушылық және қобалжып келеміз. Көреремендерге біздің шығармашылығымыз ұнайды деген үміттемін. Ал фестивалде талантты және бірегей музыканттармен таныстық күтеміз. Жаңа дүниелерді меңгеріп, өз музыкамызбен әлемнің барлық халықтарына жылылық, ал көрермендерге қуаныш сыйлауға тырысамыз", - дейді Gata Band жетекшісі Гарегин Аракелян.

The Spirit of Tengri - 2018 фестивалінің тағы бір қатысушысы - Speed Caravan тобы бір жыл бұрын тартымдылығы және тамаша араб музыкасы арқылы көпшілікті баурап алған болатын. Мультиұлтты афро-рок-ұжымында Алжир және Франция музыканттары бар. Олардың өнерінен араб бояуы бар The Cure және The Chemical Brothers шығармашылығын тбайқауға болады. 

Speed Caravan фронтмены Мехди Хаддаб - арабтың ішекті аспабында тамаша ойнайды, ал өзін "қос мәдениет адамы" деп атайды. Бұл оның новаторлық үшінші концерті. Ол электроника мен рок-музыканы үйлестіріп, заманауи үн беретін дәстүрлі аспаптарды үйлестіргенді ұнатады. 

"The Spirit of Tengri - 2018 фестивалінен күтетінім - сахнада ұзағырақ болып, музыка тұрғысынан өзімді танытуға тырысу. Биыл біз көбірек импровизация сыйлап, көрермендермен көзбе-көз тілдескіміз келеді. Маған қазақ мәдениеті ұнайды: елдің өз музыканттарын, музыкалық тарихын, өз ерекшелігін, мәселен, домбыраны мақтан тұтатыны ғажап қой. Аудитория біздің музыканы бағалай алады деген ойдамын. Сонымен бірге,  The Spirit of Tengri фестивалінде маған ұнағаны Батыста біле бермейтін Қазақстанмен шектесетін елдердің мәдени ерекшеліктері көрсетіледі. Мен "бейбітшілік мерекесінде" қауышуымызды асыға күтемін. Барымызды 100 пайыз көрсетіп, қазақсстандық көрермендерді таңдандыруға уәде етеміз! Сау болыңыздар, The Spirit of Tengri-2018 фестивалінде жүздескенше", - деп атап өтті Мехди Хаддаб.

VI Халықаралық The Spirit of Tengri фестивалі 2 және 3 маусымда Алматыда Респубика Сарайының алдындағы Абай алаңында өтеді. Концерттердің басталуы - 17:00. Кіру тегін. Қонақтарды сапалы, дәстүрлі жанды әуендер, ғарыштан көрінетін жарық түсірілетін әдемі, күшті, жанды шоу күтіп тұр. Оның үстіне әрине көптен келе жатқан "отбасылық" жылылық бар. 

Фестиваль Алматы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Жобаның бас серіктесі - Magnum Cash&Carry желісі. Tez Tour Kazakhstan тур операторы да қолдау білдіреді. Қонақтарды "Қазақстан" (Hotel Kazakhstan) қонақ үйі қарсы алады. Фестивалге техникалық қолдау білдіретін KZ Sound компаниясы. 

The Spirit of Tengri - қазақ жерінде әлемнің этникалық дәстүрін көрсетуге бағытталған мултимәдени жоба. 2012 жылы ұлттық Tengri FM радиостанциясы бекіткен. Бес жылда 100 мыңнан аса қонақтар мен көрермендер қамтылды. Оның сахнасына 30 елдің музыканттары өз өнерін көрсетті. Оның арасында түркиялық BaBa Zula тобы, қытай-моңғолиялық Hanggai ұжымы, мадиярлардың Tilla Török Band&Holdviola тобы, эстониялық TRAD.ATTACK! этнобэнді, грузиндік The Shin триосы, Башқұртстанның "Аргымак" тобы, бурят-фин-норвегиялық Nordic Namgar тобы, тывалық Радик Тюлюш "Чалама" жобасымен сахнаға шықты. Қазақстанның атынан "Алдаспан", "Шарапат", "Тиграхауд, Roksonaki топтары мен фольклорлық шығармашылығымен танылған мэтр Еділ Құсайынов та бар.  

Еске салайық, осыған дейінгі жылдары фестивальдің басты серіктесі Kaspi.kz болды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети