06 маусым 2015 18:34

The Spirit of Tengri фестивалі әлемге қазақстандық жаңа дарындарды ашады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Николай Колесников ©Николай Колесников

The Spirit of Tengri халықаралық фестивалі этно-музыка стилінде ән орындайтын қазақстандық жаңа дарындарды әлемге ашады, бұл туралы концерт алдындағы баспасөз мәслихаты кезінде жобаның авторы Жан Қастеев айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, концерт 19.00-де Алматыдағы Республика Сарайының алаңында өтеді, кіру тегін. Екі күндік фестивальді Tengri FM радиостанциясы мен бас серіктесі Kaspi bank ұйымдастырып отыр.


The Spirit of Tengri халықаралық фестивалі этно-музыка стилінде ән орындайтын қазақстандық жаңа дарындарды әлемге ашады, бұл туралы концерт алдындағы баспасөз мәслихаты кезінде жобаның авторы Жан Қастеев айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, концерт 19.00-де Алматыдағы Республика Сарайының алаңында өтеді, кіру тегін. Екі күндік фестивальді Tengri FM радиостанциясы мен бас серіктесі Kaspi bank ұйымдастырып отыр.

Қастеевтің айтуынша, жоба бастапқы кезде қазақстандық музыканттардың әлем жұлдыздарымен бір сахнада өнер көрсете алуы үшін, тәжірибе алып, ел сыртында шығармашылығын көрсетуі үшін жасалған. "Ең қызығы - биыл сахнаға шығатын орындаушылардың жартысына жуығы біздікілер. Бүл біз үшін маңызды жеңіс. (...) Біз қазір орындаушыларымызды дайындау үстіндеміз. Таяу уақытта олар Будапешттегі сахнада өнер көрсетеді. Бұл символдық мәнге ие - мадиярлар бізге жақын халық. Бұл - Еуропада тұрақтап қалған көшпенді халықтың ұрпағы", - деді жоба авторы. 

Alash Media Group холдингінің бас директоры Батыр Қазыбаев The Spirit of Tengri фестивалінің барлық қатысушыларының мұқият іріктеуден өткенін айтады. "Біздің фестивальге 40-тан астам топ қатысқысы келді, біз ең үздік контентті іріктеп алуға тырысамыз. (...) The Spirit of Tengri фестивалі әлемнің ең ірі фестиваліне айналып жатыр. Ең бастысы - мұны біз өз елімізде өткіземіз", - деді Қазыбаев.  

Айта кетейік, осы заманның этникалық музыка фестивалі Tengri FM радиостанциясының жалғыз жобасы емес. "Біз барлығымыз рок-жүлде мен рок-фестиваль жайлы білетін болармыз. Біз қазақстандық рок топтарын дамытуды жалғастырып келеміз. The Spirit of Tengri фестивалі біздің музыканттарымызға әлемдік деңгейде өз шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Бүгін және ертең әлемнің танымал музыканттарының осында, Алматыда, біздің музыканттарымызбен бірге өнер көрсететіні өте керемет. Жыл сайын дамып келеміз. Кәсіби талап жоғарылай береді, қатысушылардың географиясы кеңейе береді. (...) Біз өте қонақжаймыз және әрмен қарай да музыкалық әлемнің түкпір-түкпірін мойындатуға дайынбыз. Музыканттар айтпақшы, музыка тілі үшін шектеу мен шекара жоқ", - деді радиостанция директоры Мадина Уморбекова.

Еске сала келейік, The Spirit of Tengri фестивалі 6 және 7 маусымда Республика Сарайындағы Абай алаңында болады. Концерт сағат 19.00-де басталады. Концертті тамашалау тегін. Сахнаға биыл эстониялық TRAD.ATTACK! тобы, қытайлық Hanggai және мажар әншісі Тилла Торок HoldViola тобының құрамында өнер көрсетеді. Қазақстандық "Арқайым" тобы да фестиваль жаңалығы болмақ. Танымал этномузыкант Еділ Құсайынов 6 және 7 маусымда Алматыда өтетін халықаралық Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестиваліне қатысады. Орындаушы сахнаға этноджазда ойнайтын Satzhan Project тобымен бірге шығады. Сонымен қатар, сахнаға қазақстандықтарға танымал: әнші, композитор Радик Тюлюш пен Башқұртстаннан келген "Арғымақ" тобы, түркиялық Baba Zula, грузиялық музыканттар The-Shin, "Намгар" тобы өнер көрсетеді. Қазақстан атынан "Алдаспан" тобы шығады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети