31 мамыр 2014 09:50

The Spirit of Tengri фестивалі отбасыларға ортақ мерекеге айналады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе. ©Нұрғиса Елеубеков Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе. ©Нұрғиса Елеубеков

Қазіргі заманғы этникалық музыканың The Spirit of Tengri фестивалі отбасылық мереке болуы тиіс. Жобаның бас демеушісі - Kaspi Bank-тің жетекшілері көнеден жеткен әуендер мен халықтар дәстүрлеріне қанығу үшін жұртшылықты фестивальді отбасы болып тамашалауға шақырып отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.


Қазіргі заманғы этникалық музыканың The Spirit of Tengri фестивалі отбасылық мереке болуы тиіс. Жобаның бас демеушісі - Kaspi Bank-тің жетекшілері көнеден жеткен әуендер мен халықтар дәстүрлеріне қанығу үшін жұртшылықты фестивальді отбасы болып тамашалауға шақырып отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

"Біздің айналамызда технологиялар, әлеуметтік желілер, басқа да заманауи нәрселер толып жатыр. Қазіргі адам олардың бәрін игере алмайды. Сондай кезде ол өз тамырына жақын, өз қанында бар дүниелерді таңдайды. Өз дәстүріне бет бұру, рухани құндылықтарға жақындау - бүкіл әлем бойынша байқалып отырған үрдіс. Этномузыкаға ден қою да көп елде байқалып келеді, меніңше, бұл – жақсы жайт. Келешекте біз басқа да осындай идеяларға қолдау көрсетеміз деп ойлаймын. Kaspi Bank атынан біз, банк жетекшілері тұрғындарды бұл мәдени шараны отбасы болып тамашалауға шақырамыз, бұл – әрбір отбасыға арналған фестиваль, жарқын фестиваль бәріне ұнайды деп ойлаймын", - дейді Kaspi Bank АҚ басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе.

Қазіргі заманғы этномузыка фестивалінің бас демеушілері келешекте бұл гала-концерт Астана қаласында да өтсе деген ұсыныс айтып отыр. "Әдетте Астана күні қарсаңында қалаға бір апта бұрын шамамен миллионға жуық адам келеді. Сол себепті фестивальді кең насихаттап, ауқымын кеңейте түсу үшін оны Астанада да өткізген жөн. Сонда этникалық музыканың қазіргі заманғы фестивалін көру үшін Қазақстанға бүкіл әлем жұртшылығы келетін болады деп ойлаймын, - дейді банктің директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким. Ол да 7 маусым күні Алматыдағы Республика сарайы алаңында өтетін музыкалық кешті отбасы болып, әсіресе, балаларды ертіп келіп тамашалауға кеңес береді.

The Spirit of Tengri мен Kaspi Bank-ті ортақ құндылықтар біріктіріп отыр. Бұл жайында Вячеслав Ким былай дейді: "Этникалық әуендер жай ғана музыка емес. Бұл - рухты аспаптардан, рухтанған ішектерден, жоғары рухты ноталардан туатын музыка. Ерекше рухани ләззат сыйлайтын дана әуендер. Біз фестивальге Shine атты грузин ұжымын шақырдық. Олар Германияда тұрады, тамаша ұжым. Бір-екі клипін көргеннен кейін олар бұл фестивальге сән береді деп шештік. Біздің Kaspi Bank брендінің негізі – Тамғалы тас шатқалындағы көне петроглиф. Міне, The Spirit of Tengri фестивалімен бізді осындай символ байланыстырады. Бұл брендке бес жыл толып отыр".

"Бізді өмірімізді әдемі де жайдары ететін дүниелердің бәрі қызықтырады. Музыка – сондай кереметтің бірі. Ал егер оны салт-дәстүрлермен, тарихпен байланыстыратын болсақ, бұл екі есе тамаша болады. Бұл жоба сол себепті бізді бірден қызықтырды. Сондықтан оған демеуші ретінде атсалысуға ойланбастан келістік. Бұл фестивальге өнерпаздар өзінің ұлттық ерекшелігіне ғана қарай немесе жай музыкант ретінде емес, сонымен бірге, салт-дәстүрлерін, этносының тарихын және рухани құндылықтарын алып келеді. Мұның бәрі түрлі халықтарды біріктіре түседі", - дейді Михаил Ломтадзе.

Еске сала кетейік, The Spirit of Tengri фестивалі 7 маусым күні Алматыда екінші жыл қатарынан өтеді. Фестивальге Бурятия, Саха, Австрия, Жапония, Эквадор, Түркия және басқа да елдерден музыканттар келеді. Сондай-ақ сахнаға көмеймен ән айтудың шеберлері, этноаспаптарда ойнаудың виртуоздары шығады. Заманауи этникалық музыканың фестивалі биыл "Алматы – ТМД-ның мәдени астанасы" жылы аясындағы шара болмақ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети