05 маусым 2016 20:43

The Spirit of Tengri фестивалінде орыстың ұлттық әндері башқұрттың рок әндерімен бірге айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орталық Азиядағы заманауи этникалық музыканың халықаралық The Spirit of Tengri фестивалінің екінші күнінде орыстың ұлттық әндері башқұрттың рок әндерімен бірге айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол әндерді Башқұртстаннан келген әнші Екатерина Ямщикова орындады. Фестиваль open-air форматында Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында өтіп жатыр.


Орталық Азиядағы заманауи этникалық музыканың халықаралық The Spirit of Tengri фестивалінің екінші күнінде орыстың ұлттық әндері башқұрттың рок әндерімен бірге айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол әндерді Башқұртстаннан келген әнші Екатерина Ямщикова орындады. Фестиваль open-air форматында Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында өтіп жатыр.

Былтыр "Арғымақ" тобымен бірге өнер көрсеткен Екатерина Ямщикованың айтуынша, бұл жолы көрермендер өте белсенді болды.

"Бүгін бәрі жақсы өтті. Көрермендердің энергиясы көп екен. Олардың алдында өнер көрсету тіптен күшті болды. Меңінше, осындай көрермендердің арқасында мен жақсы өнер көрсете алдым. Бұл фестиваль өте жақсы әрі қызық, жаңа таныстарды табасың. Музыканттар болса, кәсібилігімен ерекшеленді. Олардан үйренетін нәрсе жеткілікті. Мұнда өзгеше бір мәдениетпен алмасу болып жатыр және де айтарым, Алматы маған ұнайды", - деді әнші.

Фестиваль сахнасына алғашқы болып "Барабаны Алматы" жобасының музыканттары шығып, концертті жандандырды. Олардан кейін Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбырашылары, сонымен қатар, Huun Huur Tu тобы өнер көрсетті.

Ал фестивальдің бірінші күні "Арғымақ" тобының музыканттары өнер көрсеткен болатын. Бұл жолы олар елімізге қызық бағдарлама дайындап, ұлттық нақышта бірнеше рок-баллада орындады. Олардың әндері ауыр болғанымен, нағыз этникалық хард-рок. Дегенмен, онда лирика да сақталған. Топ рок-музыканы сүйетін тыңдармандарын қыздырды.

Ал кеше Эстониядан келген TRAD.ATTACK! тобының мини-концерті ұзаққа созылып, ұмыттырмас көңіл-күй сыйлады. Жаңадан құрылған топ халық мақамы мен заманауи ырғақты музыканың үйлесімі арқылы ерекше атмосфера сыйлады. Олар көрермендерін психоделикалық әуендермен трансқа түсіріп, сол арада гитара мен волынканың арқасында нағыз рокқа ауысып отырды. Айта кетейік, топ Алматыға осыған дейін де келіп, өнер көрсеткен еді.

Артынша якуттың "Айархаан" тобы мен қазақстандық танымал диджей Нариман Исенов өнер көрсетті. Олар фестиваль қонақтарына электрондық дыбыспен өңделден психоделикалық музыка сыйлады. Якутиялық қыздар хомус деп аталатын халық аспабында шебер ойнайтынын көрсетіп, халық әндеріне табиғат дыбыстарын және жануарлар мен құстардың даусын салды.

The Spirit of Tengri фестивалінің бірінші күнін түріктің Baba Zula тобы қорытындылады. Бүгін сахнаға соңғы болып түріктің Baba Zula тобы шықты. Топ Түркияда рок-психоделикалық әндерді орындайтын басты топ деп бекер аталмайтынын дәлелдеп берді. Ұжым автордық әндерін этникалық музыканың негізінде орындайды. Фестиваль қонақтары ежелгі парсы аспабы саз дыбысын ести алды.

Жобаны ұлттық Tengri FM радиостанциясы ұйымдастырды. Шара Алматы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп, Алматы қаласының 1000 жылдығына арналады. Екі күндік фестивальді Tengri FM радиостанциясы мен бас серіктесі Kaspi bank ұйымдастырып отыр.

Биыл фестивальге 9 мемлекеттен 13 топ қатысып жатыр. Олардың ішінде: Baba Zula (Түркия), "Айирхаан" (Якутия), TRAD.ATTACK! (Эстония), Huun Huur Tu (Тыва), DJ Rizzo (АҚШ), "Арғымақ" (Башқұртстан), Екатерина Ямщикова (Башқұртстан), Tilla Török's Band & Holdviola (Венгрия), "Алдаспан" (Қазақстан), DJ Нариман Исенов (Қазақстан), "Тиграхауд" (Қазақстан), Roksonaki (Қазақстан) және Sintas (Қытай), "Барабаны Алматы" жобасы мен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбырашылары.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети