07 сәуір 2017 08:22

The Spirit of Tengri фестивалінде тұңғыш рет африкалық ән орындалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Африкадан келген Speed Caravan (Алжир-Франция) тобы мен Секоу Коуятэ (Гвинея) Алматыдағы The Spirit of Tengri фестивалінде тұңғыш рет өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Африкадан келген Speed Caravan (Алжир-Франция) тобы мен Секоу Коуятэ (Гвинея) Алматыдағы The Spirit of Tengri фестивалінде тұңғыш рет өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Speed Caravan тобының жетекшісі Мехди Хаддабви арабтардың бұрынғы замандағы ішекті музыка аспабында асқан шеберлікпен өнер көрсетеді. Ол электроника мен рок-музыканы үйлестіре алатын өзінің жаңашыл музыкалық жобаларымен танымал. Музыканттың айтуынша, ол дәстүрлі музыкалық аспаптарда орындалған әндердің заманауи түрде орындалғанын қалайды.

Айта кетейік, Speed Caravan тобы Алжир музыкантының үшінші жобасы екен. Топтың музыкаларынан The Cure немесе The Chemical Brothers топтарының кейбір элементтерін естуге болады.

Топ жетекшісі Мехди Хаддабвидің айтуынша, ол екі мәдениеттің адамы, сондықтан да ол осындай эклектикалық жобалармен айналысады. Мехди Хаддабвиге электрондық дыбыстар ұнайды екен. Осылайша, ол басқаларға ұқсамайтын этно-рок жасайды.

"Алжир - мәдениеттердің енуіне кедергі етпейтін мемлекет. Жерорта теңізі материктің түбінде пайда болған Африка мәдениетінен бастап бүкіл Еуропамен аяқталады. Мұнда мәдениеттер бұрыннан бері барлық бағыт бойынша араласып кеткен - грек музыкасы, мысыр және басқа халықтардың мәдениеті. Мәдениет нағыз көп шоғырланған жер", - деді Speed Caravan жетекшісі.

Сондай-ақ, Мехди Хаддабви Қазақстанға сапарының қызығушылық тудырғанын айтып өтті. Музыканттың айтуынша, ол музыка мәдениетінде ішекті аспаптар бірінші орын алатын елге бара жатыр.

"Мен сіздердің өңірлеріңіздің музыкасын қатты сүйемін. Әрине, біріншіден сіздерді домбырамен байланыстырамын. Бірақ маған барлық аспап түрі қызық! Мен өзім ішекті аспапта өнер көрсетемін. Осылайша, мен мәдениетінде ішекті аспаптар басты рөл атқаратын елге келе жатырмын. Сондықтан мен бір жағынан уайымдап, ал бір жағынан қуанып отырмын. Мен Орталық Азияда ешқашан болған емеспін, бірақ мен сіздердің музыкаларыңыздың көбісін тыңдадым", - дейді музыкант Хаддаби.

Сонымен қатар, музыкант Spirit of Tengri фестивалінде өнер көрсету бұл топ үшін жаңа кезең болмақ.

"Керемет Алматы қаласында қазақстандықтардың алдында өнер көрсететінімді мақтан тұтамын. Біздің өнеріміз сіздерген ұнайды деп сенеміз және адамдар рок-н-ролл мен Алжир музыкасын сүйіп тыңдайды деп сенемін. Сондықтан музыкамыздың қонағы болуларыңызды сұраймыз және біз де рақатттана сіздердің қонақтарыңыз боламыз", - деді  Мехди Хаддабви.

Сондай-ақ, фестивальдің мерейтойында Гвинеядан келген музыкант Секоу Коуятэ өнер көрсететіні белгілі болды. Секоу Коуятэ өзінің музыкасында батысафрикалық әдет-ғұрыптарға сүйене отырып ән орындайды. Сонымен қатар, ол блюз, соул, фанк және джаз жанрларында өнер көрсетеді.

Көбісі Секоуды африкалық музыканың Джими Хендрикс деп атайды екен.

Айта кетейік, 2015 жылдың қазан айында Sekou Kouyate жазған  "SABARU" албомы Global Music Awards рәсімінде алтын медаль иеленген.

Секоу Коуятэ мен Мехди Хаддабвидің ұқсастығы - екеуі де африкалық дәстүрлі аспаптарда орындалған әндердің қазіргі заманда орындалғанын қалайды.

Еске салайық, қазіргі заманғы этникалық музыканың Қазақстандағы тұңғыш халықаралық фестивалі - The Spirit of Tengri 2013 жылдың 8 маусымында бірінші рет өткен болатын. Оған 11 музыкалық ұжым қатысты. Арасында "Алдаспан", Hapanasasa топтары мен Найя, Қорлан сияқты орындаушылар болды. Фестивальді рок-сахнаның отандық ардагері - "Роксонаки" тобы ашты. Ал былтыр фестивальге 9 мемлекеттен 13 топ қатыcқан еді. Олардың ішінде: Baba Zula (Түркия), "Айирхаан" (Якутия), TRAD.ATTACK! (Эстония), Huun Huur Tu (Тыва), DJ Rizzo (АҚШ), "Арғымақ" (Башқұртстан), Екатерина Ямщикова (Башқұртстан), Tilla Török's Band & Holdviola (Венгрия), "Алдаспан" (Қазақстан), DJ Нариман Исенов (Қазақстан), "Тиграхауд" (Қазақстан), Roksonaki (Қазақстан) және Sintas (Қытай), "Барабаны Алматы" жобасы мен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбырашылары.

Фестивальдің бас серіктесі - Kaspi.kz. The Spirit of Tengri фестивалі Алматыда open-air форматында Абай атындағы Республика сарайында 20-21 мамырда өтеді. Шара Алматы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Фестивальге техникалық қолдауды KZ Sound компаниясы көрсетеді. Кіру тегін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети