20 мамыр 2017 22:36

The Spirit of Tengri мерейтойлық фестивалінде Бурятия мен Гвинея қонақтары тұңғыш рет өнер көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалінде тұңғыш рет Африка музыканттарының орындауындағы бурят эпосы орындалды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестиваль Абай атындағы Республика Сарайында сағат 17.00-де басталды. Кеш екі күн өтеді - 20-21 мамыр, кіру тегін. Айта кетейік, бұл фестиваль биыл бесінші рет өтіп жатыр. Жобаны Tengri FM радиостанциясы бекіткен. Онлайн-трансляцияны мына жерден көре аласыздар.


The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалінде тұңғыш рет Африка музыканттарының орындауындағы бурят эпосы орындалды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестиваль Абай атындағы Республика Сарайында сағат 17.00-де басталды. Кеш екі күн өтеді - 20-21 мамыр, кіру тегін. Айта кетейік, бұл фестиваль биыл бесінші рет өтіп жатыр. Жобаны Tengri FM радиостанциясы бекіткен. Онлайн-трансляцияны мына жерден көре аласыздар.

Буряттың Shono тобы The Spirit of Tengri фестиваліне алғаш рет қатысып жатыр. Музыканттардың айтуынша, "Shono" сөзі  бурят тілінен аударғанда "қасқыр" дегенді білдіреді. Аңыздарға сүйенетін болсақ, бурят халқының ата-тегі қасқырлар.

Айта кетейік, Shono тобы 2014 жылы құрылған. Топтың репертуарында халық арасында таралған аңыз әңгімелер мен эпостар бар. Оларды мульти-аспапшы Александр Архинчев орындайды. Сондай-ақ, музыкант көмеймен ән айтып, бурят және моңғол халықтарының дәстүрлі аспаптарында өнер көрсете алады екен: морин-хууре, сух-хуре, лимбе, хомусе-гембарде және тағы да басқа дәстүрлі асаптарда. Сондықтан да олар Shonо тобының көшбасшысын "оркестр адам" деп атайды екен. Олардың айтуынша, Александр Архинчевтің қолында кез келген музыкалық аспап ерекше дыбысталады.

2016 жылдың қаңтар айында Shono тобы "Hunters" ("Аңшылар") деген альбом шығарды. Альбомдағы көмеймен және электрлік гитарамен, баспен және барабанмен айтылған әндер, сонымен қатар, бурят халқынының ұлттық аспаптарында орындалған әндер ерекше әсер береді. Осылайша, топтың репертуарында көшпенді әдет-ғұрып пен ауыр рок үйлестірілген.

Музыканттардың айтуынша, олар әлем халықтарын біріктіретін осындай іс-шаралардың бар екеніне өте қуанышты. "Біз әлем халықтарын біріктерін осындай іс-шаралардың өткізіліп жатқанына өте қуаныштымыз. Ешқандай да шектеу жоқ, тамаша! Сондай-ақ, біз басқа да музыканттармен танысып жатырмыз. Барлығы күшті болды! Біз бірінші рет шетелге шығып тұрмыз, ерекше күн. Көрермендер көңілді болды, билеп қайтты. Бізге жақсы қолдау көрсетті", - дейді музыканттар. 

Бурятия әншілерінен кейін сахнаға Африка музыканттары - Sekou Kouyate (Гвинея) тобы шықты. Негізі Гвинея көп тілді мемлекет, онда 820 жергілікті тіл мен диалект бар. Гвинея тұрғындарының кейбір сөздерінің дыбысталуы қиындау екен, сондықтан Еуразияның тұрғындарына ол сөздерді дыбыстау қиынға соғады.

"Мен Қазақстанға тұңғыш рет келіп отырмын. Түрлі жанрларды араластыра отырып, дәстүрлі әндерді орындаймын. Бүгінгі көрермендер маған қатты ұнады", - деді Sekou Kouyate.

Қазіргі заманғы этникалық музыканың Қазақстандағы тұңғыш халықаралық фестивалі - The Spirit of Tengri 2013 жылдың 8 маусымында бірінші рет өткен болатын. Оған 11 музыкалық ұжым қатысты. Арасында "Алдаспан", Hapanasasa топтары мен Найя, Қорлан сияқты орындаушылар болды. Фестивальді рок-сахнаның отандық ардагері - "Роксонаки" тобы ашты. Ал былтыр фестивальге 9 мемлекеттен 13 топ қатыcқан еді. Олардың ішінде: Baba Zula (Түркия), "Айирхаан" (Якутия), TRAD.ATTACK! (Эстония), Huun Huur Tu (Тыва), DJ Rizzo (АҚШ), "Арғымақ" (Башқұртстан), Екатерина Ямщикова (Башқұртстан), Tilla Török's Band & Holdviola (Венгрия), "Алдаспан" (Қазақстан), DJ Нариман Исенов (Қазақстан), "Тиграхауд" (Қазақстан), Roksonaki (Қазақстан) және Sintas (Қытай), "Барабаны Алматы" жобасы мен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбырашылары. Ал фестивальдің бас серіктесі - Kaspi.kz. 

Айта кетейік, биыл Қазақстан атынан "Тиграхауд" және "Алдаспан" этникалық рок-тобы, диджейлер: Nariman Issenov, Arsen Superfly, Rustam Ospanoff, Roman Bazhanov, сондай-ақ, "Барабаны Алматы" жобасы шығады. Сонымен қатар, іс-шарада Тываның Huun Huur Tu тобының шығармашылығымен танысуға болады. Олар сахнаға америкалық диджей Кармен Риццомен шығады. Ал орыстың халық әндерін Башқұрстаннан келген "Катя Ямщикова" атты фольк-жобаның қатысушылары таныстырады. Ал қалған музканттар The Spirit of Tengri сахнасында бірінші рет өнер көрсетеді. Олардың қатарында Oki Dub Ainu Band, Гвинеядан келген Sekou Kouyate, Роберт Юлдашевтың ұжымы - башқұрстандық "Курайсы" тобы, Литваның Marga Muzika тобы, Алжир мен Франциядан келген Speed Caravan, Бурятиядан Shono, сондай-ақ, Израильден келген Dudu Tassa & The Kuwaitis тобы бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети