The Spirit of Tengri сахнасында мәдениеттер тоғысты:"Барабаны Алматы", "Хуун-Хуур-Ту" және Marga Muzika фестивальді ашып берді

20 Мамыр 2017, 18:50
0
The Spirit of Tengri сахнасында мәдениеттер тоғысты:"Барабаны Алматы", "Хуун-Хуур-Ту" және Marga Muzika фестивальді ашып берді -

Алматыда The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестиваль Абай атындағы Республика Сарайында сағат 17.00-де басталды. Кеш екі күн өтеді - 20-21 мамыр, кіру тегін. Айта кетейік, бұл фестиваль биыл бесінші рет өтіп жатыр. Жобаны Tengri FM радиостанциясы бекіткен. Онлайн-трансляцияны мына жерден көре аласыздар.

Фестивальді "Барабаны Алматы" жобасы, көмеймен ән айтудың шебері - Тываның "Хуун-Хуур-Ту" тобы, сондай-ақ, Литваның Marga Muzikа тобы ашып берді. Орындаушылар бастапқыда медитатив сарынмен, кейіннен барабанмен, ритммен рок жанрында өнер көрсетті.

Әндердің дыбысталуы тыңдармандарға ерекше әсер етті. Tengri FM радиостанциясының директоры Мадина Уморбекованың айтуынша, биыл фестиваль ұйымдастырушылары әндердің дыбысталуын күшейткен, сол себепті музыка бұрынғыдан қарағанда қаттырақ естіледі. 

Сондай-ақ, бүгін сахнаның аумағында қолөнершілердің жәрмеңкесі ашылды. Онда қонақтар қолдан жасалған заттар мен музыкалық аспаптарды және киім-кешектерді сатып алады. Сонымен қатар, биыл фан-зона аумағында арнайы тамақтанатын жер ұйымдастырылған. Осылайша, фестиваль қонақтары музыканттардың жанды даусын тыңдап қана емес, сондай-ақ, түрлі халық мәдениетінің hand-made туындыларымен және қазақ халқының, еуропалықтардың дәстүрлі тағамдарымен таныса алады.

Биыл Қазақстан атынан "Тиграхауд" және "Алдаспан" этникалық рок-тобы, диджейлер: Nariman Issenov, Arsen Superfly, Rustam Ospanoff, Roman Bazhanov, сондай-ақ, "Барабаны Алматы" жобасы шығады. Сонымен қатар, іс-шарада Тываның Huun Huur Tu тобының шығармашылығымен танысуға болады. Олар сахнаға америкалық диджей Кармен Риццомен шығады. Ал орыстың халық әндерін Башқұрстаннан келген "Катя Ямщикова" атты фольк-жобаның қатысушылары таныстырады. Ал қалған музканттар The Spirit of Tengri сахнасында бірінші рет өнер көрсетеді. Олардың қатарында Oki Dub Ainu Band, Гвинеядан келген Sekou Kouyate, Роберт Юлдашевтың ұжымы - башқұрстандық "Курайсы" тобы, Литваның Marga Muzika тобы, Алжир мен Франциядан келген Speed Caravan, Бурятиядан Shono, сондай-ақ, Израильден келген Dudu Tassa & The Kuwaitis тобы бар.

Айта кетейік, қазіргі заманғы этникалық музыканың Қазақстандағы тұңғыш халықаралық фестивалі - The Spirit of Tengri 2013 жылдың 8 маусымында бірінші рет өткен болатын. Фестивальдің бас серіктесі - Kaspi.kz.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай