The Spirit of Tengri заманауи музыкалық этно-фестивалінің мерейтойы қашан өтетіні белгілі болды

17 Наурыз 2017, 09:07
0
The Spirit of Tengri заманауи музыкалық этно-фестивалінің мерейтойы қашан өтетіні белгілі болды - Тувалық "Хуун-Хуур-Ту" тобы.
Тувалық "Хуун-Хуур-Ту" тобы.

The Spirit of Tengri музыкалық этно-фестивалінің мерейтойы қашан өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. The Spirit of Tengri фестивалі мен "Жұлдыз FM" радиостанциясының бас продюсері Жан Қастеев алдағы мерейтойға қалай дайындалып жатқандарын айтып берді.

Биыл The Spirit of Tengri фестивалі Алматыда 20-21 мамырда өтеді. "Фестивалімізге бес жыл толды, бұл біз үшін маңызды күн. Мерейтойымызға байланысты орындаушылардың құрамы өзгерді. Фестивальге түрлі елдердің мықты орындаушылары қатысады, олар туралы әлі айтамыз. Сондай-ақ, биыл біз географиямызды кеңейттік - Жапония өкілдерін шақырдық. Әрине, АҚШ пен Еуропа елдерінің орындаушылары да қатысады", - деді Қастеев.

Қазіргі уақытта The Spirit of Tengri фестиваліне Башқұрстан орындаушысы Екатерина Ямщикованың, тувалық "Хуун-Хуур-Ту" тобының, DJ Carmen Rizzo-ның, сондай-ақ, Талдықорғанның этникалық "Тиграхауд" тобының қатысатыны белгілі болды. 


Тувалық "Хуун-Хуур-Ту" тобы.


Башқұрстандық Екатерина Ямщикова.

Талдықорғанның этникалық "Тиграхауд" тобы.

"Әдеттегідей дәстүр бойынша, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына фестивальға кіру тегін. Бұл біздің демеушілер - Kaspi bank пен Алматы қаласының әкімдігінің арқасында. Тамаша іс-шара болады деп күтіледі", - деді Жан Қастеев. 

Еске салайық, қазіргі заманғы этникалық музыканың Қазақстандағы тұңғыш халықаралық фестивалі - The Spirit of Tengri 2013 жылдың 8 маусымында бірінші рет өткен болатын. Оған 11 музыкалық ұжым қатысты. Арасында "Алдаспан", Hapanasasa топтары мен Найя, Қорлан сияқты орындаушылар болды. Фестивальді рок-сахнаның отандық ардагері - "Роксонаки" тобы ашты. Ал былтыр фестивальге 9 мемлекеттен 13 топ қатыcқан еді. Олардың ішінде: Baba Zula (Түркия), "Айирхаан" (Якутия), TRAD.ATTACK! (Эстония), Huun Huur Tu (Тыва), DJ Rizzo (АҚШ), "Арғымақ" (Башқұртстан), Екатерина Ямщикова (Башқұртстан), Tilla Török's Band & Holdviola (Венгрия), "Алдаспан" (Қазақстан), DJ Нариман Исенов (Қазақстан), "Тиграхауд" (Қазақстан), Roksonaki (Қазақстан) және Sintas (Қытай), "Барабаны Алматы" жобасы мен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбырашылары.

Айта кетейік, The Spirit of Tengri - ең маңызды заманауи этникалық музыка фестивальдерінің бірі. Бұл Ethnoworld жанрында орындайтын әлем музыканттарының басын қосатын үлкен жоба. Фестивальді Tengri FM радиостанциясы ұйымдастырып отыр. Үлкен шара заманауи этникалық музыканттардың қатысуымен жыл сайын ашық аспан астында өткізіледі. Жоба мәдени мұраны насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. 

The Spirit of Tengri фестивалі Алматыда open-air форматында Абай атындағы Республика сарайында өтеді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай