28 қаңтар 2015 09:48

Тұңғыш ұлттық рок-марапат жүлдегері Әсел Қарсыбаева жеке альбомын жарыққа шығарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әсел Қарсыбаева. ©Мassaget.kz Әсел Қарсыбаева. ©Мassaget.kz

Жақында әнші Әсел Қарсыбаеваның Made in China Fake атты жеке альбомы жарыққа шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Әсел Қарсыбаева - 2012 жылғы X–Factor жобасының финалисі және Қазақстанның Бірінші ұлттық рок-марапатының "Ең үздік әйел вокалы" жүлдесінің иегері. Әнші қыз редакциямызға қонаққа келіп, жаңа альбомы туралы айтып берді.


Жақында әнші Әсел Қарсыбаеваның Made in China Fake атты жеке альбомы жарыққа шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Әсел Қарсыбаева - 2012 жылғы X–Factor жобасының финалисі және Қазақстанның Бірінші ұлттық рок-марапатының "Ең үздік әйел вокалы" жүлдесінің иегері. Әнші қыз редакциямызға қонаққа келіп, жаңа альбомы туралы айтып берді.

Әншінің айтуынша, жеке альбомда барлығы 11 ән болады, олардың біреуі қазақ, екеуі орыс және қалған сегізі ағылшын тіліндегі әндер. Қазақ тіліндегі әндері "Жұлдыз FM" радиосының эфирінен беріліп жүр.

Альбомның Made in China Fake деп аталу себебі - бұл қалжың түрінде жазылған, көңілді әннің атауы. Қарсыбаеваның сөзіне қарағанда, оған ағылшын тіліндегі әндер қатты ұнайды, дегенмен әнші қыз келесі әнжинағын түгел қазақ тілінде шығарғалы отыр.

Айта кетейік, альбомның тұсаукесері 31 қаңтарда Алматыдағы "Бруклин" джаз барында (Бөгенбай батыр және Чайковский көшелерінің қиылысы) өтеді. 

Қарсыбаева жеке өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға да жауап берді. "Мен тойларда өнер көрсетпеймін, тойға шақырту алу үшін "Қызыл өрікті" айту керек шығар", - деп қалжыңдады ол. Рок-әнші басының бос екенін айтты. "Өнерді сыйлайтын азамат кездеспей жүр, кездескен күні өзім-ақ сол адамды іздеп тауып аламын", - деп жауап берді ол. 

Еске сала кетейік, Қазақстанның рок-музыка саласындағы тұңғыш ұлттық марапаты 2012 жылдың 1 желтоқсаны күні берілген болатын. Рок-марапатқа Tengri FM радиостанциясындағы "На вершине Тенгри" жобасының төрт маусымына қатысқан 20-ға жуық музыка ұжымы ұсынылды. Әсел Қарсыбаева Sugarfree Blues командасы құрамында "Ең үздік әйел вокалы" номинациясы бойынша марапатты иеленді. "На вершине Тенгри" жобасы 2014 жылы байқау түріндегі концерттерден тұратын бірнеше сессия бойынша өтті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети