30 мамыр 2016 12:01

Түріктің Baba Zula тобы The Spirit of Tengri фестивалінде өнер көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Түріктің Baba Zula тобы Алматыда өтетін The Spirit оf Tengri-2016 заманауи этникалық IV музыка фестивалінде өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түріктің Baba Zula тобы Алматыда өтетін The Spirit оf Tengri-2016 заманауи этникалық IV музыка фестивалінде өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркияның басты рок-психоделикалық "бандасы" деп аталып кеткен BaBa Zula тобы этникалық музыканың негізінде авторлық материалдарды орындауға бағытталған. Түрік тобы 2005 жылы режиссер Фатиха Акинның "Ыстамбұлдың көпірдің екі жақ бетіндегі үні" деректі фильмінен кейін әлемге танымал бола бастаған.

"Біз The Spirit of Tengri фестивалінде қайта өнер көрсететініміз үшін қуаныштымыз. Қазақстандықтардың бізді құшақ жая қарсы алатыны маңызды. Биыл біздің топқа жаңа қатысушы - гитарашы қосылды. Ол Қазақстанға бірінші рет келмекші. Біз сіздерге қызық бағдарлама мен жаңа әуен ұсынамыз", - деді ұжымның солисі Мұрат Эртель.

Ол қазір әлемде этникалық музыканы танымал етудің маңызын атап өтті. "Қазір жастардың көбі америкалық немесе ағылшын музыкаларын тыңдайды, бірақ мен өзіміздің музыкамызды дамыту керек деп ойлаймын. Өзіміздің музыкамызды дамытқан жағдайда, біз түп-тамырымызға қайта ораламыз. Ұлттық музыкамызды дамытуға біраз уақыт керек, бірақ күндердің күнінде өзіміздің туған мәдениетіміздің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз", - деді ол.

Музыканттар ұлттық аспаптарда ойнай отырып, музыкаларына регги, электроника және дабтың элементтерін қосады. Топтың негізгі аспабы - парсылық ішекті аспап, онда өзіндік saz дыбысы бар екен. Қазір топ Еуропадағы көптеген этнофестивальдерде, сонымен қатар ағылшынның WOMAD пен даттың Roskilde фестивальдеріне қатысып жүр.


© Николай Колесников

Еске сала кетейік, екі күндік халықаралық заманауи этно-музыкалық The Spirit of Tengri фестивалі open-air үлгісінде Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында өтеді. Әр қатысушы ұлттық аспаптардың жанды дауысын естіп қана қоймай, бірегей табиғаттың үні мен этнофольклорлық музыканы тыңдай алады. Концерт сағат 17.00-де басталады. Қонақтарға кіру тегін. Жобаны ұлттық Tengri FM радиостанциясы ұйымдастырды. Шара Алматы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп, Алматы қаласының 1000 жылдығына арналады. Фестивальге техникалық көмек көрсететін - KZ Sound компаниясы, ресми әуе тасымалдаушы - AirAstana. Ал фестивальдің бас серіктесі - Kaspi.kz.

Сонымен қатар, концертте Aldaspan, "Роксонаки", Sintas топтары өнер көрсетеді.


Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети