НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАУ. 19 НАУРЫЗ

Turkvizyon-2015 конкурсында Қазақстанның атынан "Орда" тобы шығады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Орда" тобы "Орда" тобы

Стамбұлда өтетін Turkvizyon-2015 конкурсында Қазақстанның атынан "Орда" тобы шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Стамбұлда өтетін Turkvizyon-2015 конкурсында Қазақстанның атынан "Орда" тобы шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Turkvizyon-2015 ұлттық кезеңінің финалдық туры Бейбітшілік және келісім сарайында 6 қарашада өтті. Жеңімпаз смс-дауыс беру жолымен тікелей эфирде таңдалды. Айта кетейік, "Орда" тобы 2015 жылы 15 жылдық мерейтойын атап өткен болатын. Дастан Оразбеков, Нұрлан Алымбеков, Ерболат және Есболат Беделхандар өз әндерін өздері жазып, хореографиясын қояды. 

Ұлттық финалға Ардақ Алекешев, Альбина Оганесян, Азамат Бекбергенов, "Арай" тобы, AIBOO, Бауыржан Ретбаев, Бейбіт Қошкалиев, Гүлмира Жұмабекова, Диас Аблаев, Ерген Айтымбетов, Қамар сұлу, Мархаба Сәбиева, Райым Уайыс, Руслан Бердіматов, Рүстем Жүгінісов, "Сарын" тобы, Ханайым қатысты. 

Еске сала кетейік, 2014 жылы қазақстандық әнші Жанар Доғалова Turkvizyon конкурсының жеңімпазы атанған болатын. Ол кезде конкурс Қазан қаласында өтті. Жанар Доғалова "Ізін көрем" әнімен өнер көрсетіп, 225 балл ұпай жинады. Turkvizyon - "Евровидение" байқауының түркі әлеміне арналған баламасы. Байқаудың аудиториясы 300 миллион адамнан асады. Turkvizyon ең алғаш рет 2013 жылы Түркияның Ескішаһар қаласында өтті. Оған 24 елдің өкілі қатысты. Қазақстанның атынан бақ сынаған Rin'Go тобы финалдың қорытындысы бойынша тоғызыншы орын алған еді.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 500.67  course up  546.52  course up  6.04  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer