02 тамыз 2015 11:55

Уитни Хьюстонның қызы анасының әнімен жерленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©TMZ.com ©TMZ.com

Уитни Хьюстонның қызы Бобби Кристина Браун оның анасының Jesus Loves Me атты әнімен жерленді, - деп хабарлайды TMZ


Уитни Хьюстонның қызы Бобби Кристина Браун оның анасының Jesus Loves Me атты әнімен жерленді, - деп хабарлайды TMZ

Жерлеу рәсімі кезінде Браун мен Хьюстонның отбасы мүшелері, сонымен қатар, актер Тайлер Перри сөз сөйледі. Қыздың әкесі Бобби Браун болса "Мен де сені әрқашан жақсы көремін" деп жазылған хатын қалдырыпты.  

Еске салайық, Уитни Хьюстон мен Бобби Браунның жалғыз қыздары Бобби Кристина Браун (Bobbi Kristina Brown) алты айлық комадан кейін жексенбі күні, 26 шілдеде қайтыс болған еді. Алдын ала сот-медициналық сараптамасы 22 жастағы қыздың өлімінің себебін анықтауға мүмкіндік бермеді. Оның денесінде айтарлықтай жарақат болмапты. Дәрігерлер оның өліміне әкеп соғатындай дертке шалдықпағанын да атап өтті.

Ал бұл уақытта Бобби Кристина Браунның өгей әкесі болған оқиғаға Ник Гордонды кінәлап отыр. Оның Фултон округының Жоғарғы сотына берген арызында қыздың комаға әкеп соққан жарақат алған күні Гордонмен ұрысқаны айтылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети