04 қаңтар 2015 23:30

Украинада Ресей әншісі Юлия Чичерина іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Юлия Чичерина. ©glavpost.com Юлия Чичерина. ©glavpost.com

Украинаның қауіпсіздік қызметі Ресейдің рок-әншісі Юлия Чичеринаға бүкілукраиналық іздеу жариялады, бұған музыканттың Луганскіде өнер көрсетуі себеп болды, - деп хабарлайды РИА Новости УҚК Бас тергеу басқармасының бастығы Василий Вовкке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Украинаның шығысындағы Киев бақыламайтын аумаққа келген актерлер мен музыканттардың бәріне іздеу жарияланады, соның ішінде, Юлия Чичерина да бар. 

Юлия Чичерина 2 қаңтар күні Луганскіде "Ночные волки" байк-клубы ұйымдастырған қайырымдылық акциясы шеңберінде тегін концерт берген. 

Еске сала кетейік, мұның алдында Украина билігінің Ресей актері Алексей Паниннің үстінен "Украинаның дербестігі мен аумақтық тұтастығына қол сұққаны үшін" қылмыстық іс қозғағаны хабарланған еді. Бұған Паниннің 2014 жылдың тамызында Одессаны басып алу ниеті туралы айтқаны себеп болды. Жуырда Украина ұлтшылдары актерді Одесса мейрамханаларының бірінде ұстап алып, украиндер мен Қырым татарларына тіл тигізгені үшін кешірім сұратқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети