Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Венгр музыканттары The Spirit of Tengri фестиваліне лирикалық дала мотивтерін қосты

05 Маусым 2016, 21:43
0

Алматыда заманауи этникалық музыканың халықаралық The Spirit of Tengri фестивалі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестиваль open-air форматында Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында өтіп жатыр.

Башқұртстандық топтан кейін сахнаға алматылықтарға белгілі қазақстандық "Тиграхауд" тобы шықты. Өткен жылы музыканттар этникалық аспаптармен, электргитараларымен, флейттермен және көмеймен айту арқылы эксперименталдық қазақша рок ойнаған еді. Олар Тиграхауд тайпасының аңдардың стиліндегі ерекше ұлттық костюмдерімен көрермендерді таң-тамаша қылған еді. Ал биыл ұжым одан да әсерлі бағдарлама дайындап келіпті. Олар сахнаға батырлардың жауынгерлік киімімен шықты.

"Біз бұл шараға әлі таңғаламыз, ерекше фестиваль. Көңіл-күй алқымға келіп тұр, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әсіресе сахнада тұрып, ойнағанда. Алматының көрермені өте көңілді. Көрермендерден көп энергия алдық., Өткен жылы атауымызды білдіретін костюм киген еді. Биыл болса жауынгерлердің киімін кидік", - деді топтың жетекшісі Данияр Жақиянов.

Айта кетейік, топ жаңа репертуар дайындапты, олардың ішінде "Алпамыс" халық эпосы бар. Әншілер бұл эпосты өз интерпретациясында орындады. Оларды топ шертер, домбыра, сыбызғы, бас домбыра арқылы ойнап бастады да, эстрада аспаптарына ауысты. 

Кейін сахнаға Holdviola тобының құрамында Тилле Торок шықты. Венгрлер заманауи этникалық музыка фестивалінде осымен екінші рет өнер көрсетіп отыр. Алайда топ құрамы өзгеріске түскен. Олардың құрамына виоленчелші қосылды. Әсіресе олардың қазақтың әндерін венгр мәнерінде айтқаны ерекше тәнті етті. 

Жобаны ұлттық Tengri FM радиостанциясы ұйымдастырды. Шара Алматы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп, Алматы қаласының 1000 жылдығына арналады. Екі күндік фестивальді Tengri FM радиостанциясы мен бас серіктесі Kaspi bank ұйымдастырып отыр.

Биыл фестивальге 9 мемлекеттен 13 топ қатысып жатыр. Олардың ішінде: Baba Zula (Түркия), "Айирхаан" (Якутия), TRAD.ATTACK! (Эстония), Huun Huur Tu (Тыва), DJ Rizzo (АҚШ), "Арғымақ" (Башқұртстан), Екатерина Ямщикова (Башқұртстан), Tilla Török's Band & Holdviola (Венгрия), "Алдаспан" (Қазақстан), DJ Нариман Исенов (Қазақстан), "Тиграхауд" (Қазақстан), Roksonaki (Қазақстан) және Sintas (Қытай), "Барабаны Алматы" жобасы мен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбырашылары.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай