13 маусым 2017 22:52

Викингтер мен тосын сыйлар. Nomad Way астаналықтарды таңғалдыруды жалғастыруда

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанадағы "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінің аумағында халықаралық Nomad Way көшпелі елдер фестивалінің үшінші күні башқұрлық Zaman тобы мен норвегиялық және бурятиялық музыканттардың бірлесе шыққан Nordic Namgar топтарының әндерімен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанадағы "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінің аумағында халықаралық Nomad Way көшпелі елдер фестивалінің үшінші күні башқұрлық Zaman тобы мен норвегиялық және бурятиялық музыканттардың бірлесе шыққан Nordic Namgar топтарының әндерімен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Nomad Way сахнасында Башқұртстаннан келген Zaman тобы өнер көрсетті. Топ солисі Елена Мустахина көрермендерге ән арқылы өз ұлтының тарихымен таныстырып, башқұрлардың жақсы мінезіділігі мен бостандық сүйгіштігін суреттеді. 

Осы топтың "Туған жер" қазақ әнін орындауы тосын сый болды. Солист қыздың әдемі акценті осы әнге жаңадан бір тағы жаңғырды. Келушілер топпен бірлесе осы әнді орындады. 

 

Nomad Way фестивалінің үшінші күнін норвегиялық ұжым аятады. Викингтер мотиві Намгар Лхасаранова орындауында сезіліп тұрды - сахнада норвегиялық және бурятиялық Nordic Namgar тобы бірлесе ән шырқады.  

Әншілер норвегиялық үрмелі аспаптармен қазақ тілінде әндер орынды. 

Еске салайық, 11 маусымда Астанадағы "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінің аумағында халықаралық Nomad Way көшпелі елдер фестивалі басталды. Фестиваль 15 маусымға дейін жалғасады.

Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова Nomad Way Астана тұрғындары мен қонақтарының ең жақсы көретін фестиваліне айналатынына сенеді. 

 

Жалпы Nomad Way шоуына түрлі елден 22 топ қатысады: DJ Нариман Исенов (Қазақстан); "Тиграхауд" тобы (Қазақстан); "Алдаспан" тобы (Қазақстан); Violons Barbares тобы (Болгария/Моңғолия/Австрия); "Aббос" тобы (Өзбекстан); "Арғымақ" (Башқұрстан); Tilla Torok’s Band тобы (Венгрия); Талғат Хасенов (Татарстан); Namgar тобы (Бурятия); Magic of Nomads тобы (Қазақстан); Shono тобы (Бурятия); Zaman тобы (Башқұрстан); Nordic Namgar тобы (Норвегия/Бурятия); Gulzada (Қырғызстан);  Avesto тобы (Тәжікстан); Чылтыс Таннагашева ( Шория); Б. Байрышев пен А.Чичаков (Алтай); Еділ Хұсаинов пен Satzhan Project (Қазақстан); "Айархаан" тобы (Якутия); Радик Тюлюш пен "Чалама" тобы (Тыва); Baba Zula тобы (Түркия).

Фестиваль Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтіп жатыр. Кіру тегін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети