1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Әуен

Виктор Цойдың інісі Алматыда жерленді

© ritual.ru. Иллюстрациялық сурет © ritual.ru. Иллюстрациялық сурет

Алматыда "Кино" тобының негізін қалаған атақты рок-музыкант Виктор Цойдың туысқан інісі - Владимир жерленді, - деп хабарайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұның алдында немересімен жалдаалы бөлемеде қалған анасы ұлын жерлеуге ақшасы жоғын айтқан болатын. 

Ер адамды жерлеуге оның анасы Татьяна мен ұлы Михаил қатысты.

"Мәйітханадан алып кетті, Боралдай зиратына алып кетті. Дұрыстап жерледі", - дейді "Жерлеу қызметі арнайы комбинатының" директоры Мэлс Толыспаев.

Киім, табыт, шоқ гүлдері, көлік пен қабір қызметіне де қаржы бөлінді. Қабір басына аты-жөні жазылған крест қойылды. Марқұмның анасы Татьяна қызметкерлерге алғысын білдірді.

"Қатты уайымдадым. Көрсеткен көмегіне рахмет. Қолдады", - дейді ол. Әйел адам Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына жауапты нақтылап, ешкімнің қол ұшын созып, көмек ұсынбағанын айтады. 

Еске салайық, Татьяна Цойдың сөзінше, оның ұлы 8 тамызда жүрегі тоқтап, қайтыс болған. Владимир Цой анасының үйін сатудан түскен ақшаны жұмсап тастағаннан кейін осындай ауыр күйге түскен. Мұның алдында оны әкімдік еебінен адамның аты-жөні көрсетілмейтін зиратқа қою жоспарланған еді.