26 наурыз 2014 18:21

"Вокалды музыка кеші" концертін TengrinewsTV онлайн көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі  Әлфия Кәрімова және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин. ©astanaopera.kz Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Әлфия Кәрімова және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин. ©astanaopera.kz

26 наурызда "Астана Опера" театрының камералық залында Әлфия Кәрімова мен Сүндет Байғожин жұлдызды дуэті өнер көрсетеді.  "Вокалды музыка кеші" концертін TengrinewsTV онлайн көрсетеді.


26 наурызда "Астана Опера" театрының камералық залында Әлфия Кәрімова мен Сүндет Байғожин жұлдызды дуэті өнер көрсетеді.  "Вокалды музыка кеші" концертін TengrinewsTV онлайн көрсетеді.

Музыкалық кеште жаңа туындылар, хит әндер, романстар, ариялар, қазақ пен башқұрттың халық әндері көрермен назарына ұсынылмақ. Бұл концерт кәнігі өнерсүйер қауымға да, опера үйінің табалдырығын алғаш рет аттаған адамға да өте қызықты болмақ. Вокалдық шығармалар негізінен ұлттық әндерді, классикалық туындыларды сүйіп тыңдайтын көрерменге арналған. Концертте музыкалық шығармалар 8 тілде орындалады деп күтілуде.

Әлфия Кәрімова он жылдан бері музыкалық шығармаларды жеке орындайтынын айтып өтті. "Мен Ұлыбритания, Испания, Ресей, ТМД елдерінің қалаларында түрлі жеке бағдарламаларымды орындадым. "Астана Опера" театрның қабырғасында алғаш рет премьералық туындыларды орындамақпыз. Сүндет екеуміз Алматыда, Мәскеуде бірге ән шырқадық. Бүгінгі концерт біздің жас театрдағы ең алғашқы бірлескен жобамыз", - деді әнші. 

Сүндет Байғожин жаңа маусымдағы өзінің алғашқы концерті екенін айтты. Ол Әлфия Кәрімовамен бірлесіп ән шырқауын өзіне үлкен тәжірибе санайды. "Мен орындаушылық қабілетті басты орынға қоямын. Өйткені бұл концерттік бағдарламаға ең күрделі шығармалар енген", - дейді С.Байғожин. 

Концерт 19.30-да басталады, билет бағасы 1500 теңге.  

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети