600-ге жуық адам түсірілген: пойыздарда қандай заңбұзушылықтар жиі қайталанады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанда жыл басынан бері пойыздардан 600-ге жуық мас адам түсірілген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жыл басынан бері пойыздардан 600-ге жуық мас адам түсірілген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаменті мәліметінше, биылғы 10 айда пойыздарда 620 құқық бұзушылық анықталған. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ең көп тіркелетін оқиға ішімдікті шамадан тыс тұтыну салдарынан туындаған.

Оның ішінде:

Реклама
Реклама
  • 581 жағдай – мас күйінде құқық бұзу,
  • 17 жағдай – ұсақ бұзақылық,
  • сондай-ақ өзге де заңбұзушылықтар.

"Полиция азаматтарға сапар кезінде өзге жолаушыларға құрметпен қарауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады. Сондай-ақ алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның өзіне де, қоғамға да қауіп төндіретінін еске салады", - делінген хабарламада.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная