"Абылай ханнан абыз Тоныкөкке дейін" автоэкспедициясы мәреге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© e-history.kz © e-history.kz

24 қала мен 100 деген елді мекенді қамтыған "Абылай ханнан абыз Тоныкөкке дейін" автоэкспедициясы мәреге жетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі экспедиция құрамында болған "Хабар 24" арнасының түсіру тобына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

24 қала мен 100 деген елді мекенді қамтыған "Абылай ханнан абыз Тоныкөкке дейін" автоэкспедициясы мәреге жетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі экспедиция құрамында болған "Хабар 24" арнасының түсіру тобына сілтеме жасап.

Жиһанкездер Ресей мен Моңғолия аумағын жүріп өтті. Түркі тарихына ортақ мұраларды түгендеп, деректерді түзді. Киелі жерлерге барып, бабалар рухына тағзым етті.

Экспедиция Бурабайдағы "Абылай хан" алаңынан басталды. Биыл үш жүздің басын қосқан кемеңгер қолбасшының туғанына 310 жыл. Автошеру ұйымдастырушылары даңқты бабаға осылайша құрмет көрсетті. Елдік үшін ерлік жасаған хан Абылайдың ізі қалған жерлер сайрап жатыр. Қазіргі Ресей мен Моңғолия аумағы соның бір парасы ғана. Экспедиция мүшелері Таулы Алтай қаласына ат басын бұрды. Жергілікті музейге барып, түркі дүниесіне ортақ жәдігерлермен танысты.

Бұл - ХХ ғасырдың үлкен сенсациясы болған "Үкөк ханшайымы". Ғалымдардың болжауынша, құнды артефакт қола дәуірінің Пазырық мәдениетіне жатады. Шамамен біздің заманымызға дейінгі ІІІ-ІІ ғасырлардың мұрасы. -

Жиырма бестер шамасындағы жас қыздың қасына жирен түсті 6 ат жерленген. Обаның тоналуы себепті әбзелмен әшекей бұйымдар жоғалған. Жылқыны қоса жерлеу дәстүрі - сақ мәдениетіне тән қасиет.

Моңғолияның Қобда қаласының қақ ортасында Қалдан бөшіктің ескерткіші тұр. Тарихқа терең бойласақ, жоңғар қолбасшысы Тәуке ханның баласын ұрлап, дінін өзгерткен. Бұл оқиға Қазақ-жоңғар қақтығысының екінші толқынына себепкер болады.

"Баласы буддист болған. Мойнында моншақ салған. Тәуке хан оны көріп, намыстанады. Тәуке қиын адам болған. Намысшыл. Сөйтіп, ол алып келген 500 әскерді қырып салады. Осыдан бастап қазақ-жоңғар соғысы басталады. Ол кейін Абылай заманына ойысады", - дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынхан Зәкенұлы.

Абылай хан мықты қолбасшы ғана емес, сондай-ақ көреген дипломат болған. Патшалықтар арасындағы астыртын ойындарды алдын-ала болжап, болашақ сұлтандармен байланыс орнатқан.

"Әмірсана кезінде таққа таласып, еліне қашып кеткен. Аблай хан оған пана берген, тұтқыннан құтқарған. Біз керемет бір уақытта келіп отырмыз. Біраз деректерді тауып алдық", - дейді автоэкспедиция жетекшісі Мұрат Ыдырысов.

Ұшы-қиыры жоқ Моңғол даласында түркі дүниесінің мұралары көп. Соның бірі әрі бірегейі - Күлтегін мен Білге қаған мемориалдық кешені. Қарақорым қаласынан 40 шақырым қашықта жатқан киелі орынға зиярат етушілердің қатары азайған емес. Ал күлтегін жазулары мыңжылдықтар өтсе де өзегін жоғалтқан емес.

"Түн ұйықтамадым, күн отырмадым, қара терімді ағыздым, қызыл қанымды жүгірттім дейді. Түркі халқы үшін деп нүкте қояды", - дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынхан Зәкенұлы.

16 күнге созылған автоэкспедицияның аясы кең, бағдарламасы ауқымды болды. Жиһанкездер қиырда жүрген қандастармен де кездесті. Ортақ құндылықтар туралы сөз қозғап, жергілікті өнерпаздар ұйымдастырған концертті тамашалады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная