Air Astana-ның экс-қызметкері басшылыққа қатысты даулы мәлімдеме жасады: тексеріс басталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Air Astana-ның экс-қызметкері басшылыққа қатысты даулы мәлімдеме жасады: тексеріс басталды Фото © Турар Казангапов

Бас көлік прокуратурасы Air Astana және FlyArystan-ның бұрынғы топ-менеджері Ренат Абулхановтың атынан тараған хаттан кейін тексеру бастады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі. Бұл туралы ресми сауалға жауап берген Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас көлік прокуратурасы Air Astana және FlyArystan-ның бұрынғы топ-менеджері Ренат Абулхановтың атынан тараған хаттан кейін тексеру бастады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі. Бұл туралы ресми сауалға жауап берген Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Әңгіме ақша қаражатын жымқыру және заңдастыру деректері бойынша қозғалған қылмыстық іс туралы болып отыр. Ренат Абулханов бұл іс аясында бір жылдан аса уақыттан бері қамауда отыр. Өзінің ашық хатында ол тағылған айыптарды мойындамай, істің қолдан ұйымдастырылған болуы мүмкін екенін және әуекомпаниясы басшылығы тарапынан корпоративтік қысым болғанын мәлімдеген.

Прокуратурада жарияланған деректердің барлығы тексерілетінін растады.

"Әлеуметтік желілерде "Эйр Астана" АҚ мен Fly Arystan АҚ-тағы ақша қаражатын жымқыру және заңдастыру деректері бойынша қылмыстық іс туралы ақпарат жарияланды. Атап айтқанда, жарияланымда әуекомпаниялары басшылығының нұсқауымен топ-менеджерлердің туыстары мен өзге де тұлғалардың мүддесі үшін жеңілдетілген әуе билеттерін сату деректері келтірілген. Осы уәждерді тексеру мақсатында Бас көлік прокуратурасы Азаматтық авиация комитетіне "Эйр Астана" АҚ мен Fly Arystan АҚ қызметіне тексеру жүргізу туралы талап жолдады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұрынғы топ-менеджер не туралы жазған?

Редакцияға қазақстандық Бекзат Құлмановтан хат келіп түсті. Ол өзін Ренат Абулхановтың досы ретінде таныстырып, тергеу изоляторында отырған кезде жазылған Абулхановтың хатын жолдаған. Хатта экс-менеджер қылмыстық қудалау нақты заңбұзушылықтардан емес, корпоративтік қақтығыстың салдары екенін айтады.

Абулханов Air Astana-да 2011–2015 және 2019–2024 жылдары жұмыс істеген. Соңғы қызметі FlyArystan әуе компаниясында маршруттық желіні жоспарлау және табысты басқару жөніндегі директор болған. Оның айтуынша, 2023 жылы компания IPO-ға дайындық барысында одан және оның департаментінен жасанды түрде жоғары коммерциялық көрсеткіштер көрсетуді талап еткен.

Ол бұл талаптарға келіспегеннен кейін басшылық тарапынан қысым күшейіп, қызметтен шеттетілгенін және артынша қылмыстық іс қозғалғанын жазады.

Хаттағы тағы бір маңызды мәселе - жеңілдетілген тарифпен әуе билеттерін рәсімдеу. Абулхановтың айтуынша, бұл компания ішіндегі қалыптасқан тәжірибе болған және билеттер топ-менеджмент өкілдерінің сұрауымен, соның ішінде олардың туыстары үшін рәсімделген. Ол бұл билеттердің ақшасы тікелей әуе компаниясының шотына түскенін алға тартады.

Абулханов өз хатында қаржылық есептерде сәйкессіздіктер барын, іс материалдарындағы сома айырмашылықтарын және келтірілген нақты залалдың дәлелденбегенін де атап өтеді. Оның сөзінше, айыптау тарапы оған мүлкін тәркілеумен қоса 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Бұл тәркілеуге жұбайы мен анасының мүлкі де кіруі мүмкін.

Әуекомпания не дейді?

Редакция FlyArystan-ға ресми сауал жолдады. Компания сот үкімі шыққанға дейін сот процесіне қатысты пікір білдіре алмайтынын хабарлады.

Материал жарияланған сәтте Air Astana тарапынан жауап түспеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
;