Air Astana ұшағы апат сигналын жіберіп, Алматы әуежайына шұғыл қонды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Air Astana ұшағы түтінге байланысты Алматы әуежайына шұғыл қонды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Air Astana ұшағы түтінге байланысты Алматы әуежайына шұғыл қонды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

2025 жылғы 17 желтоқсанда сағат 07:38-де (Астана уақыты бойынша) Алматы – Астана бағыты бойынша КС-851 тұрақты жолаушылар рейсін орындау барысында "Эйр Астана" АҚ-ның пайдалануындағы Airbus A321N EI-KDG әуе кемесімен авиациялық оқиға болды.

"Қазаэронавигация" РМК Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, әуе кемесінің салонында түтін пайда болуына байланысты экипаж MAY-DAY апаттық сигналын жариялаған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Алдын ала мәліметтер бойынш, жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.

Ұшақ сағат 07:40-та қонған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматы әуежайының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметі жұмылдырылған.

"Қазіргі уақытта авиациялық оқиғаның мән-жайларын Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері нақтылап анықтап жатыр".

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная