Ақмола облысында сегіз жүк вагоны рельстен шығып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚТЖ

Оқиға Ақмола облысындағы Макинка станциясына жақын орналасқан "Бота 2015" ЖШС-нің кірме жолында болған. Сол жерде 8 жүк вагоны рельстен шығып кеткен. Бұл туралы "ҚТЖ" баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оқиға Ақмола облысындағы Макинка станциясына жақын орналасқан "Бота 2015" ЖШС-нің кірме жолында болған. Сол жерде 8 жүк вагоны рельстен шығып кеткен. Бұл туралы "ҚТЖ" баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Локомотив жеке компанияға тиесілі. Бригада қызметкерлері де жеке ұйымның жұмысшылары. Оқиға салдарынан байланыс желісі құрылғылары зақымданды. Зардап шеккендер жоқ. Пойыздар қозғалысында кідірістер бар", – деді "ҚТЖ" өкілдері.

Оқиға орнына қалпына келтіру пойыздары мен апаттық бригада жіберілген.

Реклама
Реклама

Кейін "ҚТЖ" Макинка станциясында жағдай тұрақталып, пойыз қозғалысы қайта жанданғанын хабарлады.

"Оқиға жеке ұйым қызметкерлерінің кінәсінен болған. Вагондардың рельстен шығу себептері тергеліп жатыр", – деп хабарлады компания.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная