Ақмола облысындағы ұшақ апаты: ұшқыш пен жолаушы қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:t.me/Burkit001

17 тамызда Ақмола облысында Aerostar R40F UP-LA229 жеңіл моторлы ұшағы төтенше жағдайға ұшырап, салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

17 тамызда Ақмола облысында Aerostar R40F UP-LA229 жеңіл моторлы ұшағы төтенше жағдайға ұшырап, салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ұшу жалпы авиация аясында жүзеге асырылғаны, өрт болмағаны атап өтілді. Себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, оқиға орнына Көлік министрлігінің тергеу департаменті қызметкерлері барған.

Фото: t.me/Burkit001

Реклама
Реклама

Сонымен қатар полицияның желілік басқармасы ҚР ҚК-нің 344-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеуді бастаған.

"Екі адам қаза тапты – ұшқыш пен жолаушы. Қайғылы жағдайдың себептері анықталып жатыр", – деп хабарлады құқық қорғаушылар Tengrinews.kz-ке.

Полиция мәліметінше, тергеу үшін ІІМ, Көліктегі полиция департаменті және Ақмола облысы қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылған.

"Оқиға орнында шұғыл тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің тергелуі ІІМ басшылығының бақылауына алынды", – делінген министрлік хабарламасында.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная