Ақтау әуежайындағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Ақтау әуежайы перронындағы жұмыстар әлі де жалғасып жатыр, бастапқыда жөндеуді 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған болатын. Енді 2026 жылдың үшінші тоқсанының соңына дейін аяқтау көзделіп отыр, деп хабарлайды Tengri Travel.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтау әуежайы перронындағы жұмыстар әлі де жалғасып жатыр, бастапқыда жөндеуді 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған болатын. Енді 2026 жылдың үшінші тоқсанының соңына дейін аяқтау көзделіп отыр, деп хабарлайды Tengri Travel.

Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтау әуежайында 2024 жылы басталған аэродром инфрақұрылымын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.

Бірінші кезеңде ұшу-қону жолағы мен такси жолдары жаңартылды. Бұл жұмыстар 2025 жылдың шілдесінде аяқталды.

Жарнама
Жарнама

Екінші кезең 2025 жылдың мамырында басталды. Ол перрон мен периметрлік инфрақұрылым нысандарын жөндеуді қамтиды. Бұл ретте әуежай ұшулар бойынша шектеусіз жұмысын жалғастырып жатыр.

"Бүгінде перронды жөндеу жұмыстарының 90 пайызы аяқталды. Қазіргі уақытта жабынның қалған бөлігін төсеу, периметрлік қоршауды орнату және қосымша жарықтандыру жүйелерін жабдықтау жұмыстары жалғасып жатыр", - деп хабарлады ведомство.

Азаматтық авиация комитеті мәліметінше, әуежайдағы барлық жұмысты 2026 жылдың ІІІ тоқсанының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Жаңғырту не береді?

Азаматтық авиация комитетінің өкілдері жөндеуден кейін әуежайда ұшақтарға арналған тұрақ орындары көбейіп, әуе айлағы кез келген типтегі лайнерлерді қабылдай алатынын айтты.

"Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін Ақтау әуежайы барлық үлгідегі әуе кемесін, оның ішінде "F" санатындағы әуе кемелерін қабылдай алады. Бұл өз кезегінде транзиттік және жүк тасымалдарын дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер ашады", - деп түйіндеді комитеттегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтау әуежайындағы жаңғырту жұмыстары 2025 жылдың мамырында басталған болатын. Бастапқыда жұмыстарды 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған болатын.

TengriTravel

Жарнама
Жарнама