Ақтөбе облысында ұшақ жөндеу зауытының бұрынғы басшысы “алдау“ схемасын ойлап тапқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Ақтөбе облысында "Авиажөндеу зауыты №406 ГА" АҚ-ның бұрынғы басшысына қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында "Авиажөндеу зауыты №406 ГА" АҚ-ның бұрынғы басшысына қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Күдікті қызметтік өкілеттігін пайдаланып, әуе кемелерін жөндеуге арналған тауар-материал қорларын заңсыз есептен шығару схемасын ұйымдастырған. МИ-2 тікұшақтарына, АН-2 әуекемелеріне және қозғалтқыштарға арналған агрегаттар мен қосалқы бөлшектерді бақылауындағы компаниялар арқылы жалған сатып алу схемасын жасаған.

"Зауыт құжаттарында бұл агрегаттар қоймадан алынған және күрделі жөндеу кезінде авиациялық техникаға орнатылған ретінде көрсетілген, бірақ іс жүзінде қолданылмаған. Кейін олар пайдаланылғанын растайтын есептен шығару актілері бекітілген", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Мемлекетке келтірілген шығын - 110 миллион теңге. Сот санкциясымен күдіктіге тиесілі 2 пәтер мен жер учаскесіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная