Ақтөбеден шыққан ұшақ шұғыл түрде оралды: әуекомпания себебін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Желіде Scat әуекомпаниясының Алматыға шыққан ұшағы Ақтөбе әуежайына қайта оралғаны туралы ақпарат тарады. Оған себеп – ұшу барысында жолаушыларының бірінің жағдайы күрт нашарлап кеткен. Осыған байланысты компанияның баспасөз қызметіне жүгіндік, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде Scat әуекомпаниясының Алматыға шыққан ұшағы Ақтөбе әуежайына қайта оралғаны туралы ақпарат тарады. Оған себеп – ұшу барысында жолаушыларының бірінің жағдайы күрт нашарлап кеткен. Осыған байланысты компанияның баспасөз қызметіне жүгіндік, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Әуекомпания мәліметінше, DV712 Ақтөбе–Алматы рейсі кезінде бір жолаушының "денсаулығы кенеттен нашарлаған".

"Экипаж медициналық хабарлау рәсімін бастады және алғашқы көмек көрсетуге кірісті. Дәрігер-кардиологты қоса алғанда, медициналық білімі бар жолаушылар да бортсеріктермен бірге реанимациялық шараларды жүргізді", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Әуе кемесінің командирі әуежайға қайту туралы шешім қабылдағаны нақтыланды.

"Қонғаннан кейін жолаушыны шұғыл медициналық жәрдем бригадасына тапсырды, олар реанимациялық шараларды жалғастырды және кейін оның қайтыс болғанын растады", – деді компания өкілдері.

Баспасөз қызметі ұшу жағдайында жолаушыға көмек көрсету үшін "барлық мүмкін шаралар жасалғанын" атап өтті.

"Әуе компаниясы жолаушының туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады", – деді тасымалдаушы.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная