Ақтөбеге баратын пойызда билетсіз жолаушының қазасынан кейін жолсеріктер мен бастық жұмыстан босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚТЖ

Атырау - Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызында жолаушы көз жұмды. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Tengri Travel.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Пойыздағы жолаушының қазасы туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

Қайғылы жағдай 13 шілдеде болғаны белгілі болды. Сапар кезінде жолаушылар бірінің денсаулығы кенет нашарлап, көп ұзамай қайтыс болған.

Жарнама
Жарнама

Оқиғаға қатысты "Жолаушылар тасымалы" компаниясы пікір білдірді.

"Пойыз бастығы рапортына сәйкес, жолаушы жол жүру құжатынсыз сапарлаған. Оны вагонға жолсеріктердің бірі мінгізген. Қандыағаш – Ақтөбе учаскесінде жолаушы кенет қайтыс болды. Жолаушы отырған вагон 2023 жылы шыққан", - деп хабарлады компания.

Оқиғадан кейін "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Батыс" филиалында ішкі қызметтік тергеу жүргізілді. Оның барысында қаза тапқан азаматтың билеті болмағаны расталды. Оны вагонға жолсерік отырғызған.

"Тергеу қорытындысы бойынша сол күні вагонның екі жолсерігімен және пойыз бастығымен еңбек шарты бұзылды. Ал Ақтөбе учаскесінің бастығы мен өндірістік оқыту нұсқаушысына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза тағайындалды", - деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" өкілдері.

Бұдан бөлек, компания мәліметінше, "Батыс" филиалының басшылық құрамына қатысты еңбек шарттарын тоқтатуға дейінгі қатаң тәртіптік шаралар қолданылады.

"Аталған дерек бойынша Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр", - деп атап өтті компания.

Компания мәліметінше, сапар кезінде пойыздың барлық жүйесі, соның ішінде ауа салқындатқыштары штаттық режимде жұмыс істеген. Вагондарды тазалау және жолаушыларға қызмет көрсету де белгіленген стандарттарға сай жүзеге асырылған.


Жарнама
Жарнама