Алакөлде жүрдек пойыз қосылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Shutterstock @Shutterstock

"Қазақстан темір жолы" ҰК " АҚ Алматы облысының әкімдігімен меморандумға қол қойды. Енді Алматыдан Алакөлге 11 маршрут қатынайды. Оның ішінде "Тальго" жүрдек пойызы қосылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстан темір жолы" ҰК " АҚ Алматы облысының әкімдігімен меморандумға қол қойды. Енді Алматыдан Алакөлге 11 маршрут қатынайды. Оның ішінде "Тальго" жүрдек пойызы қосылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Алматы облысы әкімінің мәліметінше, пандемияға қарамастан, 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейін Алакөл курорттық аймағына жолаушылар ағыны 264 пайыз өсті.

Биыл 240 мыңға жуық жолаушыны тасымалдау жоспарланған. Өткен жылдың 11 жазғы бағыты (оның сегізі – "Жолаушылар тасымалы" АҚ, үшеуі - жеке тасымалдау) сақталады. Жолаушыларға ұсынылған орындардың жалпы саны 340 мыңнан асады.

Бұдан басқа, осы бағытта күн сайын жүретін "Тальго" жүрдек пойызы қосылады.

Сондай-ақ, жолаушылар желдеткіш, ыстық судың және басқа да қарапайым жағдайлардың жоқтығына шағымданған болатын. Соған байланысты жеке тасымалдаушы компаниялардың вагондарын аттестаттау ұйымдастырылады.

"Енді әрбір тасымалдаушы пойыз вагондарының жайлылығын арттыруға назар аударатын болады. Бұл ретте, сұранысты ескере отырып, купе үлгісіндегі вагондардың саны ұлғайтылады. "ҚТЖ" күштерімен Ақши, Көктұма, Жалаңашкөл станциялары да қосылды: жолаушылар платформалары ұзартылды, қорғаныс қалқалары орнатылды", - деп әкімдіктен хабарлады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная