Алматы әуежайы “әскери жағдай“ туралы хабарламаларға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

12 қаңтарға қараған түні Алматы әуежайында жолаушылар рейстердің бірнеше сағатқа кешігуіне шағымданды. Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі жаппай кідірістің себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

12 қаңтарға қараған түні Алматы әуежайында жолаушылар рейстердің бірнеше сағатқа кешігуіне шағымданды. Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі жаппай кідірістің себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Не болған?

Алматы әуежайында көптеген рейс 3–4 сағатқа кешіктірілген.

Реклама
Реклама

Алматы әуежайының онлайн-таблосы

Бұл ретте, әлеуметтік желілерде бір ұшақтың Алматыдан "әскери жағдайға байланысты" кері қайтарылғаны туралы хабарламалар тарады.

Threads әлеуметтік желісінен скриншот

Әуежай пікірі

Алматы әуежайы "әскери жағдай" туралы қауесеттерді жоққа шығарып, әуе кеңістігі жабылмағанын мәлімдеді.

"Рейстердің кешігуі өндірістік және операциялық себептерге байланысты және қалыпты жұмыс тәртібінде болды", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматы әуежайында реконструкция жұмыстары басталғаны және жолаушылар үшін тек кейбір кіріп-шығу жолдары ғана жұмыс істейтіні хабарланған болатын.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная