Әлеуметтік желілерде Алматы әуежайының ұшу-қону жолағына жақын маңнан шығып жатқан қою ақ түтіннің бейнежазбасы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
TikTok қолданушысы жариялаған видеода ол ақ түтінге таңданып, "не болып жатқанын" сұрайды. Бірақ соған қарамастан ұшақтар қалыпты түрде қонып жатқаны айтылады.
Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі қала тұрғындарын сабырға шақырып, видеода көрінген түтін емес екенін мәлімдеді.
"Әлеуметтік желілерде таралған видеода перронда жүргізіліп жатқан жол жұмыстары барысында құрылыс шаңы көтеріліп, кадрларға түсіп қалған. Аталған аумақта тұрақ орындарын жөндеу жұмыстары жоспарлы түрде жүріп жатыр: асфальт төсемес бұрын тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деді әуежай әкімшілігі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!