Алматы әуежайында ер адамның өзін-өзі өртеу оқиғасы қызу талқыланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

25 тамызда кешке ер адам Алматы әуежайындағы әуе билеттерін сату кассасында өзін өртеп жіберді. Таңертең Tengritravel.kz тілшісі оқиға орнына барып, онда не болып жатқанын білуге тырысты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

25 тамызда кешке ер адам Алматы әуежайындағы әуе билеттерін сату кассасында өзін өртеп жіберді. Таңертең Tengritravel.kz тілшісі оқиға орнына барып, онда не болып жатқанын білуге тырысты.

26 тамызда Алматы әуежайындағы жағдай тыныш. Кешегі оқиғаны әлсіз түтін иісі мен өрт сөндіргіштен қалған ақ іздер ғана еске салады.

Фото: ©Тengrinews.kz/ Никита Данилин

Реклама
Реклама

Өрт сөндіргіштен қалған ұнтақ іздеріне қарағанда, оқиға Nur Ai & Co әуе тур агенттігінің кеңсесінде болған. Бүгін кеңсе жабық.

Фото: ©Тengrinews.kz/ Никита Данилин

Оқиға жайлы білмек болып сөйлескен әуежай қызметкерлерінің көбі иықтарын көтеріп қана қояды: "Біз бүгін таңертең ғана жұмысқа шықтық. Ештеңе көрмедік, білмейміз".

Фото: ©Тengrinews.kz/ Никита Данилин

Жағдайға аз да болса пікір берген капсулалық қонақүй қызметкері болды. Ол бүгін әуежай қызметкерлері сыбырлап айтып жүрген әңгімені бөлісті.

"Ер адам өзін өртеп жіберді, өйткені билеттері күйіп кеткен, рейске үлгермесе керек, ауыстырып бермеген", – дейді ол, бірақ нақтылап: "Өзім ештеңе көрген жоқпын. Оқиға жайлы әріптестерім айтты".

Өзін-өзі өртеу себебі туралы ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын айту қиын. Әзірге бәрі тек әңгіме деңгейінде.

Айта кетейік, кеше оқиғадан кейін Көліктегі полиция департаменті редакциямызға ер адамның бұл әрекетіне болжам бойынша азаматтық әйелімен болған жеке жанжал себеп болғанын хабарлаған еді.

Көрші кассаның қызметкері де ештеңе көрмеген, бірақ әріптестерімен бұл оқиғаны талқылап үлгерген.

"Әріптестер айтты, бұл ер адам әуежайға үсті бензин күйінде келген. Қыздар одан бензиннің иісі шығып тұрғанын айтқан, сондықтан олар бірден қауіпсіздік қызметін шақырған. Әрі өзімен бірге тағы бензин болған сияқты", - дейді әйел.

Фото: ©Тengrinews.kz/ Никита Данилин

Таңғы 10 шамасында касса жанында тазалаушы пайда болды. Ол кеңсе сыртындағы өрт сөндіргіш ұнтағынан қалған іздерді жуып тазалады.

Фото: ©Тengrinews.kz/ Никита Данилин

Біз әуежайды суретке түсіріп жүргенде, бізді күзет байқап, жақындады. Олар өз нұсқасын айтты, бірақ ресми емес. Олардың сөзінше, ер адам әуежайға расымен де үсті бензин күйінде кірген.

"Ол қызы/әйелімен ұрысып, пойызға үлгермей қалған. Пойыз билеттері күйіп кеткен. Ол осында келіп, билеттерді ауыстырып, ұшаққа билет алуға келген. Пойыз билеттерін ұшақ билеттеріне ауыстыруды сұраған. Айтуынша, мүмкін мас болған", – дейді олар.

– Ол жерде кассада әйелі отырған ба? Ол соған келген бе? – деп сұрадық біз.

"Жоқ, ол әйеліне пойызбен баруы керек болған, бірақ (билет – еск.) күйіп кеткен", – деп нақтылады күзетшілер.

Олар бастан-ақ полиция мен әуежай қауіпсіздік қызметі жағдайды бақылауда ұстағанын айтты.

"Барлығы бірден өрт сөндіргішпен дайын тұрған. Айтуларынша, оны тоқтату қиын болған, өйткені белгісіз ғой, бәлкім қолында пышақ, бомба бар. Сол үшін күткен. Полиция Америкадағыдай оқ атып немесе ұра алмайды ғой, ол – өкілеттігін асыра пайдалану болады", – дейді олар.

Фото: ©Тengrinews.kz/ Никита Данилин

Оқиғаның нақты себебін білу үшін жағдай болған әуе агенттігі қызметкерлеріне хабарласуға тырыстық. Бірақ кеңсе есігінде көрсетілген телефон нөміріне ешкім жауап бермеді.

Не болды?

Еске салайық, 25 тамыз кешке ер адам Алматы әуежайының Т-1 терминалында өзін өртеген. Полицейлер әуежай қауіпсіздік қызметімен бірге дереу қауіпсіздік шараларын қабылдап: өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер зардап шеккенді қалалық ауруханаға жеткізді.

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

26 тамызда ер адамның жағдайы белгілі болды. Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, оның жағдайы өте ауыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная