Алматы әуежайында кепілге алу оқиғасы: іс қосымша тергеуден кейін сотқа жолданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

2025 жылғы 7 наурызда Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алған Машрапбек Баратовтың ісі қосымша тергеу аяқталғаннан кейін қайта сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2025 жылғы 7 наурызда Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алған Машрапбек Баратовтың ісі қосымша тергеу аяқталғаннан кейін қайта сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі мәліметінше, 30 маусымда Баратовқа қатысты қылмыстық іс Алматының Түрксіб аудандық сотына жіберілген.

"Аталған тұлға Алматы халықаралық әуежайында кепілге алу, бұзақылық жасау, сондай-ақ терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру деректері бойынша айыпталып отыр", – деді ведомство өкілдері.

Реклама
Реклама

Сот процесінің қашан басталатыны әзірге хабарланған жоқ.

Еске салайық, 7 наурызда Алматы әуежайында қолында суық қаруы бар ер адам қызметкерді кепілге алды. Желіде әуежайда түсірілген видео тарады. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адам қыздың шашынан ұстап алғанын байқауға болады. Оқиға ішкі терминалда болған.

Әуежайдың баспасөз қызметі мәліметінше, ер адам өзін жолаушы ретінде көрсетіп, рейс алдындағы қауіпсіздік аймағына жақындаған. Қызметкерлер одан құжатын сұраған кезде ол қызметкерді пышақпен қорқытқан. 7 минуттан кейін шабуылдаушы ұсталды. Ол қамауға алынды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная