Алматы әуежайында Lufthansa ұшағы зақымданды: не болған?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Алматы әуежайында жанармай таситын көлік Lufthansa әуекомпаниясының ұшағына тиіп кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әуежайында жанармай таситын көлік Lufthansa әуекомпаниясының ұшағына тиіп кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Әуежайдың баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 13 қазанда шамамен 1:25-те болған.

"Airbus A340 ұшағына (рейс LH648, бағыты – Алматы–Астана) жанармай толтыру аяқталғаннан кейін, жанармай таситын көлік тұрақтан шығу кезінде әуе кемесінің қозғалтқышын жеңіл сырып кеткен. Ұшақ бірден инженерлік қызмет тарапынан тексерілді. Тексеру нәтижесінде қозғалтқыш қаптамасында жеңіл сызаттар анықталды", – делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қажетті техникалық рәсімдерден кейін әуе кемесіне ұшуға рұқсат берілген.

Аталған оқиға бойынша әуежайдың ұшу қауіпсіздігі департаменті жан-жақты тергеу жүргізуді бастады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная