Алматы әуежайында рейстердің жаппай кешігуі байқалды. Онлайн-табло деректеріне сәйкес, шамамен 20 рейс келуге, тағы үш рейс ұшуға кешігеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Кешіккен рейстер арасында ішкі және халықаралық бағыттар бар. Мысалы, Ақтөбеден ұшып шыққан бір рейс 13:10-да қонуы тиіс болған, алайда оның келуі екі сағаттан аса уақытқа шегерілген.
Қонуға кешігетін рейстер:
- Scat, DV 7203 (Ақтөбе) - 2 сағаттан астам кешігеді;
- S7 Airlines, S7 5501 (Новосибирск) - шамамен 2 сағат 15 минутқа кешігеді;
- Air Astana, KC 624 (Астана) - 45 минутқа кешігеді;
- Air Astana, KC 878 (Атырау) - 25 минутқа кешігеді;
- Scat, DV 7263 (Өскемен) - 20 минутқа кешігеді;
- Air Astana, KC 128 (Ташкент) - 1 сағат 25 минутқа кешігеді;
- Fly Arystan, FS 7122 (Қарағанды) - 2 сағат 10 минутқа кешігеді;
- Air Astana, KC 3024 (Өскемен) - 35 минутқа кешігеді;
- Air Astana, KC 864 (Ақтөбе) - 1 сағат 25 минутқа кешігеді;
- Fly Arystan, FS 7166 (Орал) - 1 сағат 10 минутқа кешігеді;
- Air India / Cathay Pacific / Air Astana (Дели) - 20 минутқа кешігеді;
- Scat, DV 7383 (Петропавл) - 45 минутқа кешігеді;
- Scat, DV 5319 (Фукуок) - 35 минутқа кешігеді;
- Scat, DV 5317 (Фукуок) - 25 минутқа кешігеді;
- Scat, DV 5292 (Шарм-эль-Шейх) - 4 сағат 30 минутқа кешігеді;
- Air Astana, KC 898 (Дубай) - 2 сағат 5 минутқа кешігеді;
- Air Astana, KC 2645 (Мәдина) - 1 сағатқа кешігеді.

Ұшуға кешігетін рейстер:
- S7 Airlines, S7 5502 (Новосибирск) - 2 сағатқа кешігеді;
- Scat, DV 7314 (Ақтау) - 40 минутқа кешігеді;
- Scat, DV 7331 (Астана) - 1 сағатқа кешігеді.

Қазіргі уақытта Алматы әуежайының баспасөз қызметінен кешігулердің себебі бойынша түсініктеме алу мүмкін болмады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!