Алматы халықаралық әуежайында рейстер кешігіп жатыр. Онлайн-табло мәліметінше, кідірістер қонатын да, ұшып кететін де бағыттарға әсер еткен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Кешігулер ішкі және халықаралық бағыттарда бірдей байқалады. Кейбір рейстердің күту уақыты үш сағаттан асқан, ал бірнеше әуе қатынасы мүлде тоқтатылған.
Мәселен, China Southern Airlines компаниясының Үрімші – Алматы рейсі 7:50-де келуі тиіс болған. Алайда ол 3 сағат 45 минутқа кешігіп, тек 11:35-те қонды.
Келетін рейстер бойынша кешігіп жатқан рейстер тізімі:
- Scat, DV 747 (Шымкент) - 1 сағат 10 минут
- Scat, DV 758 (Тараз) - 35 минут
- Air Astana, KC 9722 (Шымкент) - 2 сағат 20 минут
- Air Astana, KC 8522 (Астана) - 50 минут
- Scat, DV 7201 (Ақтөбе) - 40 минут
- Air Astana, KC 8584 (Ақтау) - 2 сағат 10 минут
- Air Astana, KC 8783 (Атырау) - 1 сағат 10 минут
- Scat, DV 7264 (Өскемен) - 2 сағат 10 минут
- Air Astana, KC 910 (Сеул–Инчхон) - 1 сағат 40 минут
- Scat, DV 5319 (Фукуок) - 1 сағат 10 минут
- Scat, DV 808 (Минск-2) - 1 сағат 15 минут
- Scat, DV 5321 (Фукуок) - 1 сағат 40 минут
- Air Astana, KC 266 (Жидда) - 2 сағат 45 минут
- Scat, DV 5317 (Фукуок) - 1 сағат
- Air Astana, KC 898 (Дубай) - 1 сағат 40 минут
- Air Astana, KC 5865 (Мале) - 3 сағат 40 минут
Ұшып шығатын рейстер де кейінге қалдырылған.
Доха бағыты бойынша Finnair, British Airways, Cathay Pacific, Qatar Airways және тағы басқа әуе компанияларының рейстері 13–13,5 сағатқа кешіккен. Emirates әуе компаниясының Дубайға ұшуы шамамен 19 сағатқа шегерілген.
Ұшып шығатын рейстер бойынша кешігулер:
- Finnair, AY 6524 (Доха) - 13 сағат 30 минут
- British Airways, BA 6378 (Доха) - 13 сағат 30 минут
- Cathay Pacific, CX 9212 (Доха) - 13 сағат 30 минут
- Iberia, IB 6140 (Доха) - 13 сағат 30 минут
- LAN Airlines, LA 5657 (Доха) - 13 сағат 30 минут
- Qatar Airways, QR 390 (Доха) - 13 сағат 30 минут
- Volareweb.com, VA 6182 (Доха) - 13 сағат 30 минут
- WB, WB 1025 (Доха) - 13 сағат 30 минут
- Emirates, EK 2423 (Дубай) - 18 сағат 5 минут
- Fly Dubai, FZ 1722 (Дубай) - 18 сағат 5 минут
- SCAT, DV 7252 (Өскемен) - 2 сағат
- Air Astana, KC 6412 (Астана) - 1 сағат 30 минут
- China Southern Airlines, CZ 6076 (Үрімші) - 3 сағат 10 минут
- Air Astana, KC 263 (Медина) - 15 минут
Әзірге Алматы әуежайының баспасөз қызметі ресми түсініктеме берген жоқ.
Мамандар жолаушыларға рейс мәртебесін әуежайдың ресми ресурстары мен мобильді қосымшалар арқылы тексеріп отыруды, сондай-ақ әуежайға алдын ала келуді ұсынады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!