Алматы әуежайында шетелдік ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әуежайында шетелдік ұсталды Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Түркияның құқық қорғау органдары іздеп жүрген ер адам Алматыда ұсталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның құқық қорғау органдары іздеп жүрген ер адам Алматыда ұсталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Алматы қаласының халықаралық әуежайында ІІМ Интерпол ҰОБ-ның сұрауы бойынша желілік полиция бөлімі қызметкерлері шетелдік азаматты ұстады. Оған 67 интернет алаяқтық дерегі бойынша Түркияның құқық қорғау органдары халықаралық іздеу жариялаған.

"Күдікті 2018 жылы үй жануарларын сату туралы жалған интернет жарнама жариялап, жәбірленушілерді алдап, 67 адамның ақшасын иемденіп, Түркия елінен бой тасалаған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда", - деп жазылған хабарламада.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;