Алматы әуежайында 18 жастағы шетелдік әзіл ретінде сөмкесінде "атомдық бомба" барын айтқан. Оқиға 2 қыркүйекте халықаралық ұшуларға тіркеу сөресінде болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оның әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзып, жолаушылардың алаңдаушылығын туғызды.
"Шетелдік азамат ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде айыппұл салынды", – деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.
Полицияның ескертуі
Полицияда мұндай деректер жиі кездесетіні айтылды. Жолаушылар мұндай әрекеттерінің соңы құқықтық жауапкершілікке әкеліп соғатынын білмей жатады.
Көлік полициясы кез келген көліктегі жағдайды тұрақсыздандыру немесе қорқыту әрекеттері елеулі қауіп ретінде қарастырылатынын және кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын еске салды.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!