Қазақстандық Алматы әуежайының ішкі рейстер терминалында жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын айтып, оны ұзақ мерзімге жабу жоспары бар-жоғын сұрады. Бұл сұраққа әуе айлағының баспасөз қызметі жауап берді, толығырақ - Tengritravel.kz материалында.
Сұрақ
Редакциямызға Алматы әуежайының ішкі рейстер терминалында кей жерлерде жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын байқаған оқырман хабарласты.
"Алматы әуежайында болдым. Ішкі рейстер терминалында кей жерде жөндеу жүріп жатқанын байқадым. Оны ұзақ мерзімді жөндеуге жабу жоспарланып отыр ма?" - деп сұрады ол.
Әуежай жауабы
Әуежайдың баспасөз қызметі жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Horizon жобасының ресми түрде іске қосылуы кезінде әуежайда ішкі рейстер терминалының кезең-кезеңімен жаңғыртылуы жүріп жатқанын хабарладық. Жөндеу жұмыстарын келесі жылы аяқтау жоспарланған", — деп хабарлады әуежай өкілдері.
Компания мәліметінше, терминал штаттық режимде жұмыс істеп тұр және жөндеу жұмыстары ұшулар кестесіне әсер етпейді.
Еске салайық, бұған дейін Horizon - Алматы әуежайын кезең-кезеңімен жаңарту бағдарламасы екені хабарланған болатын. Жоба бес кезеңге бөлінген.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!