Алматы әуежайындағы оқиға: пышақ ұстаған ер адам қызметкерді кепілге алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әуежайындағы оқиға: пышақ ұстаған ер адам қызметкерді кепілге алды

Алматы әуежайында ер адам қызметкерді кепілге алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әуежайында ер адам қызметкерді кепілге алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға қалай болды?

Оқиға 7 наурызда ұшуға дейінгі тексеру аймағында болған. Алматы әуежайының мәліметінше, жергілікті уақытпен шамамен 11:45 кезінде ішкі рейстер терминалында (T1) жолаушы кейпіндегі деструктивті ер адам тексеру аймағына келген.

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеру қызметкерлері ер адамнан құжаттарын көрсетуді сұраған кезде, ол тексеру қызметкерінің шашынан тартып, пышақпен қорқыта бастаған.

Оқиға қалай шешілді?

"Жеті минуттан кейін ер адамды Алматы әуежайының желілік полиция бөлімінің (ЖПБ) қызметкерлері мен авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері қарусыздандырған. Қазіргі уақытта ол ЖПБ-да және бұл оқиға бойынша құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады Алматы әуежайының баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;