Алматы әуежайындағы өзін-өзі өртеу оқиғасы: ер адам ауыр халде жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әуежайындағы өзін-өзі өртеу оқиғасы: ер адам ауыр халде жатыр видео кадры

Дәрігерлер 25 тамыз кешкісін Алматы әуежайының терминалында өзін-өзі өртеген ер адамның жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер 25 тамыз кешкісін Алматы әуежайының терминалында өзін-өзі өртеген ер адамның жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, науқасты жедел жәрдем бригадасы қалалық №4 клиникалық ауруханаға жеткізіп, жансақтау бөліміне жатқызған.

"Жағдайы өте ауыр. Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық хаттамасына сәйкес толық көлемде ем қабылдап жатыр", – делінген хабарламада.

Не болды?

Дүйсенбі кешке ер адам Алматы әуежайының Т-1 терминалында өзін өртеп жіберген. Полиция қызметкерлері әуежайдың қауіпсіздік қызметімен бірге дереу қауіпсіздік шараларын қабылдады: отты сөндіріп, жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер зардап шегушіні қалалық ауруханаға жеткізді.

Қылмыстық іс қозғалған, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Кейін оқиғаға қатысты бейнежазба пайда болды. Редакцияға түскен кадрларда бас киім киген ер адам касса жанында тұрғаны көрінеді. Бір сәтте жалын тұтанып, ол жүгіріп шығып, еденге құлайды. Жиналғандар өрт сөндіргішпен жалынды өшірген.

Полиция пікірі

Көліктегі полиция департаменті редакцияға ер адамның мұндай әрекетке баруына, алдын ала болжам бойынша, азаматтық жұбайымен болған жеке жанжал себеп болғанын хабарлады. Ведомство барлық мән-жай сотқа дейінгі тергеу барысында анықталатынын қосты.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;