Алматы әуежайының жаңа президенті тағайындалды

Видеодан алынған

Алп Ер Тунга Ерсой "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ президенті болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алп Ер Тунга Ерсой "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ президенті болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі шешімі бойынша атқарушы орган құрамына мынадай өзгерістер енгізілген:

  • Эркал Кадри Мете - президент лауазымынан алынды;
  • Алп Ер Тунга Ерсой президент болып тағайындалды", - делінген басылымда.

Ашық дереккөздерден алынған мәліметке сәйкес, Алп Ер Тунга Ерсой TAV Kazakhstan-да 2021 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істейді. Бұған дейін ол TAV Urban Georgia (Грузия) компаниясында жоғары лауазымды қызмет атқарған. 12 жыл TAV Македонияда жұмыс істеген.

Реклама
Реклама

Эркал Кадри Мете 2021 жылдың мамырында Алматы халықаралық әуежайының президенті - бас директоры болып тағайындалған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная