Алматы әуежайының негізгі кіреберісі бір аптаға жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әуежайының негізгі кіреберісі жөндеу жұмыстарына байланысты бір аптаға жабылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әуежайының негізгі кіреберісі жөндеу жұмыстарына байланысты бір аптаға жабылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Алматы халықаралық әуежайы мәліметінше, 2025 жылдың 4–11 желтоқсан аралығында Б. Майлин көшесінен әуежай аумағына кіретін негізгі жол бөлігінде сыртқы аралды алу және асфальт төсеу бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

"Осыған байланысты уақытша 1 кіру және 2 шығу жолы жабылады (схемаға назар аударыңыз). Қалған кіру және шығу жолдары қалыпты режимде жұмыс істейді. Әуежайға барар жолыңызда осы ақпаратты алдын ала ескеруіңізді сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және түсіністік білдіргеніңіз үшін алғыс айтамыз!", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная