Алматы-Бангкок рейсінде шетелдіктер төбелес шығарды: видео

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы-Бангкок рейсінде шетелдіктер төбелес шығарды: видео Фото:depositphotos.com

Алматы-Бангкок бағытындағы ұшақта жолаушылар төбелес шығарды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы-Бангкок бағытындағы ұшақта жолаушылар төбелес шығарды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Не болған?

Кадрларда екі ер адамның бір-біріне жұдырық жұмсағаны, айналадағы жолаушылар араша түсуге тырысқаны көрінеді.

Әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратқа сәйкес, оқиға Air Astana ұшағында болған.

Полиция не дейді?

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.

"Алматы әуежайында Алматы – Бангкок рейсінен полиция қызметкерлері төрт шетел азаматын алып шықты, олардың екеуі мас күйде болған. Олардың арасында жанжал туындап, соңы төбелеске айналған", - деп хабарлады ведомство.

Полиция мәліметінше, қылмыстық іс қозғалған.

"Құқық бұзушылардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа ақпарат ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес жарияланбайды", - деді баспасөз қызметі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
;