Алматы – Қостанай бағытында жаңа пойыз іске қосылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: ҚТЖ

Қазақстанда Алматы – Қостанай бағытында жүретін жаңа "Тальго" пойызы іске қосылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда Алматы – Қостанай бағытында жүретін жаңа "Тальго" пойызы іске қосылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ мәліметінше, 16 желтоқсаннан бастап №119/120 "Тальго" пойызы жолға шығады. Ол жұп күндері қатынайды.

"Тальго" вагондары бар құрамды пайдалану арқылы сапар уақыты қалыпты пойыздармен салыстырғанда 12 сағатқа қысқарады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Пойыз Қостанай, Тобыл, Атбасар, Астана, Қарағанды және Алматы арқылы өтеді.

Бұрынғы шағымдар

Алматы – Қостанай бағытындағы №43/44 пойызға қатысты редакцияға көптеген шағым түскен. Мысалы, маусымның аяғында жолаушылар аптап ыстықта вагондарда кондиционер істемей қалғанын хабарлаған.

Компания ол кезде бір вагонда кондиционер жүйесі жолда бұзылғанын түсіндіріп, вагон паркі кезең-кезеңімен жаңартылып жатқанын айтқан.

Бұл бағытта енді жеке тасымалдаушының да, ұлттық оператордың да пойыздары қатынайды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама