Алматы маңындағы танымал жер: туристерге ескерту жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңындағы танымал жер: туристерге ескерту жасалды Фото:depositphotos.com

Богданович мұздығы - Алматыға жақын маңдағы ең танымал бағыттарының бірі. Мұнда адамдар мұзды "бөлмеге" кіріп, қар басқан соқпақпен серуендеп, әлеуметтік желіге әсерлі сурет түсіру үшін барады. Бірақ құтқарушылар мұндағы қауіп туралы ескертті. Туристер нені білуі керек? Толығырақ Tengritravel.kz материалында.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Богданович мұздығы - Алматыға жақын маңдағы ең танымал бағыттарының бірі. Мұнда адамдар мұзды "бөлмеге" кіріп, қар басқан соқпақпен серуендеп, әлеуметтік желіге әсерлі сурет түсіру үшін барады. Бірақ құтқарушылар мұндағы қауіп туралы ескертті. Туристер нені білуі керек? Толығырақ Tengritravel.kz материалында.

Мұздық теңіз деңгейінен шамамен үш мың метр биікте орналасқан. Қалаға жақын болғанына қарамастан, көтерілу үшін физикалық дайындық және қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтау қажет.

Неліктен қауіпті?

ТЖМ мәліметінше, қыстың жылы болуы да туристерге қауіп. Көп адам қаладағы температураға қарап шешім киініп, мұндағы климатты ескермей жатады.

"Қыс жылы болғанына қарамастан, Богданович мұздығындағы температура тұрақты – мұнда ауа температурасы, әдетте, нөлден төмен болады. Бұл мұздық жамылғысының еріп кетпеуіне және келушілер үшін тікелей қауіп тудырмауға әсер етеді", - деді ведомство.

Алайда мамандар негізгі қауіп мұздықта өзінен емес, оған апаратын жолда туындайтынын айтты. Туристік соқпақ тік беткейлерге жақын өтеді, ал суық және өтпелі маусымда бұл жерде көшкін қаупі сақталады. Әсіресе қар қалың жауғаннан кейін және температура күрт ауысқанда тәуекел арта түседі.Тауда мұндай жағдайлар қалаға қарағанда жиірек әрі тез болады.

"Негізгі туристік маршрут Қазан үңгірі бағытымен өтеді. Жол бойында көшкін қаупі бар беткейлер кездеседі, әсіресе температура күрт құбылған кезеңдерде және мол жауын-шашыннан кейін", - деп түсіндірді ТЖМ.

Маршрут өмірге нақты қауіп төндіре ме?

ТЖМ мәліметінше, мұздық маңында туристердің жүруін толықтай қауіпсіз деуге болмайды. Бұл үнемі қауіп төніп тұр деген сөз емес, бірақ кез келген сәтте төтенше жағдайға болуы мүмкін.

"Богданович мұздығы ауданы әлеуетті қауіпті тау учаскелеріне жатады, әсіресе қыс пен өтпелі маусымда. Негізгі тәуекелдер көшкін қаупі бар беткейлерге, ауа райының күрт өзгеруіне және күрделі жер бедеріне байланысты", - деді ТЖМ.

Тіпті әдетте салыстырмалы түрде қауіпсіз саналатын нысандардың өзі сақтықты қажет етеді. Ведомство табиғи процестерді толық бақылау мүмкін емес екенін еске салды.

"Қазан үңгірі қалыпты жағдайда қауіп төндірмейді, алайда табиғи тәуекелдерді ескерген жөн. Сирек жағдайларда мұзды күмбездер опырылуы мүмкін", - деп атап өтті құтқарушылар.

ТЖМ ақпараты бойынша, осы маусымдағы басты қауіп - қар көшкіні. Тауда қардың көп түсуі өздігінен көшкін жүруіне әкелуі мүмкін, ал адамдардың беткейде жүруі кейде қосымша қоздырушы факторға айналады.

"Елдің таулы аймақтарында қардың көп жауғанына байланысты қар көшкіндері өздігінен жүруі мүмкін. Осыған байланысты тік, қар басқан беткейлерге шығуға кеңес берілмейді", - деді ведомство.

Халық пен туристер үшін тәуекелді азайту мақсатында бірқатар өңірде алдын алу жұмыстары жүргізілген.

"Алматы, Алматы облысы және Шығыс Қазақстан облыстарының тауларында қар көшкінін мәжбүрлі түрде түсіру бойынша превентив жұмыстар жүргізілді. 3516 текше метр қар массасы түсірілді, ал "Қазселденқорғау" мамандары көшкін қаупі бар аумақтарға тұрақты мониторинг жүргізіп отыр", - деп бөлісті ТЖМ.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
;