Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Сартоғай аумағында фототұзақ объективіне әсем көрініс түсіп қалды. Кадрларда екі лағымен жүрген елік байқалады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"Бұл кадрлар тек әдемі сәт қана емес, сонымен қатар табиғаттағы үйлесім мен нәзіктіктің айғағы. Еліктер – орман экожүйесінің маңызды бөлігі. Олар өсімдіктердің жаңаруына ықпал етеді, ал олардың қауіпсіз тіршілігі – табиғат тепе-теңдігінің сақталуының белгісі", - делінген хабарламада.
Әрбір осындай сәт бізге табиғатты аялаудың, жан-жануарларға қамқор болудың маңызын еске салады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!