Алматы облысында сирек кездесетін жануар кадрларға түсіп қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында сирек кездесетін жануар кадрларға түсіп қалды Фото:Instagram/charyn___official

Шарын ерен тоғайының аумағында ҚР Қызыл кітабына енген орман қарақасы кадрға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шарын ерен тоғайының аумағында ҚР Қызыл кітабына енген орман қарақасы кадрға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Қызыл кітапқа енген жануарды кездестіру – табиғаттың бізге берген ерекше сыйы. Мұндай сәттер табиғатты қорғау мен сақтаудың қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдейді", - деп жазды Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өкілдері.

Орман қарақасы (Dryomys nitedula) Қазақстанның Қызыл кітабына 3-санат бойынша енгізілген, бұл оның ареалы қысқарып келе жатқан сирек түр екенін білдіреді. Сондай-ақ ол ТМД фаунасында монотипті туыстың жалғыз өкілі болып табылады.

"Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізімінде де ол сирек түр ретінде көрсетілген. Қазақстанда кейбір қорықтар мен қорықшаларда қорғалады. Орман қарақасын сақтау үшін оның саны мен таралу аясын зерттеу, сондай-ақ мекен ету ортасын қорғау шараларын қабылдау қажет".

Орман қарақасы (Dryomys nitedula) – ормандар мен бұталы тоғайларда тіршілік ететін ұсақ кеміргіш. Қазақстанның Қызыл кітабында ол "Д" санатымен енгізілген – яғни жеткілікті зерттелмеген, жойылып кету қаупі бар түр. Орман қарақасына төнетін негізгі қауіптер – оның тіршілік ету ортасының бұзылуы, браконьерлік және климаттың өзгеруі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;